Аймақтар • 30 Сәуір, 2020

ҚарМУ-дың студенттері сессияны қашықтан тапсыра бастады

600 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің  оқытушылары жазғы сессияның емтихандарын қашықтан қабылдай бастады.

ҚарМУ-дың студенттері сессияны қашықтан тапсыра бастады

Аталған оқу орнының күндізгі, күндізгі-қысқартылған және сырттай (бакалавриат, магистратура, докторантура) бөлімдерінде 12 801 студент оқиды. Оқытушылар мен студенттерге онлайн-вебинарларда «қашықтан өтетін» сессияның тәртібі туралы айтылды. Ректордың міндетін атқарушы Еркебұлан Тажбаев тікелей эфир жүргізіп, емтихандарды жаңа форматта тапсыруға қатысты барлық сұрақтарға жауап берді.

ҚарМУ-дың оқу ісі жөніндегі проректор Бекболат Нүсіпбеков сессияның алғашқы күні үш мыңға жуық студенттің емтихан сынағынан сәтті өткенін мәлім етті.

– Сессия енді ғана басталды. Дегенмен, алғашқы күн дистанциялық технологияларды қолданудың өзіндік артықшылықтары бар екенін көрсетті. Студенттің өзіне сенімді болуына  үйреншікті үй жағдайының айтарлықтай көмектесетінін айта кеткен жөн, – деп атап өтті ол.

Жалпы, ҚарМУ-да төрт мыңнан астам емтихан өтеді. Ал бірінші күні техникалық себептерге байланысты желіден ажыратылып қалған 20 студентке емтиханды қайта тапсыруға мүмкіндік берілген.

Соңғы жаңалықтар

Ақтауда көпқабатты тұрғын үйде өрт шықты

Төтенше жағдай • Бүгін, 09:49