Аймақтар • 30 Сәуір, 2020

Шымкент: ХҚО-ның бірыңғай терезесінен 8 мыңнан астам адам дайын құжаттарырын алған

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкенттіктер карантин басталғалы бері ХҚО-ның бірыңғай терезесінен 8 мыңнан астам дайын құжатын алып кеткен. Бұл құжаттардың басым бөлігі карантин барысында онлайн рәсімделген.

Шымкент: ХҚО-ның бірыңғай терезесінен 8 мыңнан астам адам дайын құжаттарырын алған
Естеріңізге салайық, 26 наурыздан бастап барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы тоқтатылған болатын. Төтенше жағдай кезеңінде ХҚО және мамандандырылған ХҚО электрондық үкімет порталы - egov.kz арқылы ресімделген дайын құжаттарды беруге ғана жұмыс істейді.
 
Бірыңғай терезеде берілген құжаттардың дені – АХАТ құжаттары, жүргізуші куәліктері, көліктің техникалық паспорты мен тіркеу нөмірлері, жылжымайтын мүлік пен жер учаскелерінің құжаттары, сондай-ақ жеке куәлік пен паспорт.
 
Дайын құжаттарды беру терезелерінің жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма 9.00-ден 17.00-ге дейін. Сенбі – сағат 9.00-14.00 аралығы. Шымкент қаласы бойынша, Мәделі Қожа көшесі 1Г, мекенжайында орналасқан №1 ХҚО-нан дайын құжаттарды алуға болады. Ал, автокөлік иелері дайын құжат бойынша Достық м.а. орналасқан мамандандырылған ХҚО-на жүгіне алады.
 
Еске сала кетейік, қазақстандықтар мемлекеттік қызметті электрондық форматта ала алады. Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтің 87% электронды үкімет порталы арқылы қолжетімді, сондай-ақ, кейбір қызметтер мен сервистерді ЕgovМоbile мобильдік қосымшасы, eGovKzBot2.0 телеграмм-ботынан және Facebook, Vk әлеуметтік желілеріндегі egov чат-боттарынан алуға болады.
 
Шымкент 
Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше