Аймақтар • 30 Сәуір, 2020

Шымкентте тағы 3 азаматтың коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды

138 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Вирус жұқтырғандар 1966, 1969, 1980 жылғы туған қала тұрғындары. Оның екеуі - әйел, біреуі - ер азамат.

Шымкентте тағы 3 азаматтың коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды

Олар өзіне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. 

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.

Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. 

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

30.04.2020 жылғы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 192 адам анықталды.

 

Шымкент