Аймақтар • 30 Сәуір, 2020

Алматы облысы: Кеген де карантинге жабылады

1334 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Алматы облысының Кеген ауданының тағы 3 тұрғынынан коронавирус белгісі анықталды. Бұл алақандай аудан орталығында тіркелген алтыншы оқиға. Індеттің бұдан ары таралмауы үшін Кеген ауылын уақытша оқшаулау туралы шешім қабылданды.

Алматы облысы: Кеген де карантинге жабылады

Жұқпалы індетпен ауырған осы ауылдың 1957, 1971 және 1987 жылы туған тұрғындары. Олардың екеуі бұған дейін ауырған сырқатпен байланыста болғандықтан Кеген аудандық орталық аурухананың провизорлық бөлімінде карантинде жатқан болатын. Енді 3 науқас та Қарасай аудандық ауруханасының инфекциялық бөліміне жатқызылады. Бүгін ауырған 3 науқаспен 12 адам байланыста болған. Күдіктілердің бәрі оқшауланып, эпидемиологиялық тексеру жүргізілуде.

- Қазірге дейін Кеген ауданында коронавируспен ауырғандар саны 6 адамға жетті. Төтенше жағдайға байланысты Кеген ауданының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің арнайы қаулысы шықты. Оған сәйкес бүгінен бастап аудан орталығы – Кеген ауылы уақытша карантинге жабылады, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 

 

Алматы облысы