Аймақтар • 30 Сәуір, 2020

Дубайдан қайтқан 168 жолаушы мінген ұшақ Талдықорған әуежайына қонады

477 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Талдықорған әуежайына Біріккен Араб әмірліктерінде жүрген бір топ қазақстандық мінген ұшақ қонады. Арнайы борт Дубай қаласынан 168 жолаушыны Жетісуға жеткізбек.

Дубайдан қайтқан 168 жолаушы мінген ұшақ Талдықорған әуежайына қонады

Оралған жолаушылардың бәрі Қазақстан азаматтары екен. Оларды Талдықорған әуежейында арнайы көлік күтіп алып, Қапшағай қаласы маңындағы демалыс кешендерінің біріне тасымалдау жоспарланған. Жолаушылардан коронавирусқа қарсы анализ алынып, толықтай тексеруден өтеді.

- Ұшақ бортындағы 168 жолаушы Қапшағай маңында оқшауланады. Олар жататын аумақ толықтай қоршалған. Жұқпалы індет белгісін анықтауға арналған тест қортындысы шыққанға дейін шет елден оралғандарға сыртпен байланысуға тиым салынады. Барлық азаматтар хаттамаға сәйкес 2 күн міндетті карантинде болады. Жолаушылардың арғы жағдайы тест қортындысына қарай айқындалмақ, - деді бізге ақпаратқа орай түсініктеме берген Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.