Аймақтар • 30 Сәуір, 2020

Таразда мобильдік топ мүшелері бірқатар нысандарды тексеруде

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінде Тараз қаласы әкімінің өкімімен қаладағы аумақтық округтерге қарасты көшелердің жай-күйін анықтайтын арнайы 13 мобильдік топ құрылған болатын.

Таразда мобильдік топ мүшелері  бірқатар нысандарды тексеруде

Қазіргі кезде аталған мобильдік топ мүшелері өздеріне бекітілген аумақтағы сауда орындары мен көшелерді аралап, олардың тазалық жұмыстарына шаһар тұрғындарының қаншалықты белсенділік танытқанын анықтауда.

Коронавирус індетінің таралуына жол бермеу мақсатында енгізілген төтенше жағдайға байланысты Тараз қаласында 1937 сауда нысаны жабылған. Бүгінгі таңда мобильдік топ мүшелері карантиндік режимнен шығуға рұқсат берілетін нысандардың санитарлық талаптарға сәйкес екендігін де тексеруде. Әрбір кәсіпкер өзінің аумағына көгалдандыру жұмыстарын жүргізіп, дүкенін сырлап, әрлеп, арықтарын қоқыстардан тазартуы тиіс. Сондай-ақ, арнайы санитарлық құралдармен жабдықтап, қалалық әкімдікпен меморандумға отыруы шарт. Ал, қалалық әкімдіктің мәлімдеуінше, санитарлық талаптар сақталмаған жағдайда мобильдік топ мүшелері кәсіпкерлік нысанның жұмысын тоқтатуға құқылы.

 

Жамбыл облысы