Білім • 01 Мамыр, 2020

Қашықтан оқытудың тиімді тұстары көп

2042 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Бүгінде білім саласы, оның ішінде мектептер оқушыларға қашықтан білім беру бойынша күрделі, маңызды да мазмұнды міндеттер атқаруға бел буды. Сандық технологиялар дәуірінде, әрі дәл қазіргі жағдайда қашықтан дәріс беру жүйесіне көшуі заман талабы болып отыр. Білім және ғылым министрлігі еліміздегі мектептерде қашықтан оқытуға, оның ішінде білімді бағалаудың барлық түрлерін қашықтан жүргізуге нақты қадамдарды ұсынды.

Қашықтан оқытудың тиімді тұстары көп

Оқушыларды қашықтан оқы­ту­ға техни­калық мүмкіндік бар және интернеттің жылдамдығы да жеткілікті мекемелер түгелге жуық қатысып отыр. Қашықтан оқыту технология­сы оқушыларға оқуды білім ордасына қа­­тынамай-ақ, алыстан жалғастыруға мүмкіндік береді. Мектеп әкімшілігі тарапынан онлайн-форматтағы сабақтар, интерактивті дербес тапсырмалар жә­не қосымша әдебиеттер тізімін, оқу­шыларды бағалау сияқты кері байланыстарды қамтамасыз ету үшін мұға­лімдермен семинар-тренингтер жиі өткізіледі.

Оқушыларыммен бүгінгі таңда қашықтан оқыту бағдарында – «Ел Ар­на» телеарнасы, Bilimland, Kundelik.kz, WhatsApp, Zoom плат­формаларының көмегімен күнделікті сабағымды зерделеп, сол арқылы байланыс орнатып жүрмін. WhatsApp, Zoom қосымшалары компьютер және ұялы телефонмен де кіруге қолайлы. Оқушыларға тапсырмаларды бейнематериал, презентация, тест жұмысы және аудио-жазбалар түрінде оқытуды ұйымдастырып жүрмін. 6-сыныпта «Абай – лирик ақын» атты сабағымыз онлайн форматта өтті. Bilimland платформасынан Абайдың өмірі, шығармашылығы жайлы ақпаратты тыңдады. Тыңдалған тапсырмадан кейін оқушылар өз түсінгендерін ортаға салады. Абайдың табиғат лирикасына арналған өлеңдерін ғаламтордан тауып, диаграмманы толықтыру тапсырмасы жоғары деңгейде орындалды. Оқушылар табиғат лирикасына арналған өлеңдерімен қоса, әндерінің атауы жайлы мағлұмат алды. «Ойыңды жеткіз» әдісімен жыл мезгілдері туралы мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, 6 «А» – сыныбында Андрей Кон­дратов, 6 «Б» – сыныбында Амира Нұрбаева, 6 «В» – сыныбында Мұхтар Алтай атты оқушыларым сабақта мақалдың мағынасын ашып, орыс ті­ліндегі баламасымен салыстырып, ұтымды жауаптар берді. Zoom платформасы сабақта оқушылармен жұптық, ұжымдық жұмыстар жасауға өте қолайлы екен. Себебі, мұнда оқушылар арасындағы диалогтық оқы­ту іске асады және білмегендерін өзара талқылап, бір жағынан сабаққа деген ынтасы жоғарылай түседі, екінші жағынан оқушылар тақырыпты жетік меңгеретінін байқадым. Мен жеке, жұптық, ұжымдық жұмыстың дұрыс жүруі үшін тақырыпқа сай дұрыс бағыт-бағдар беріп, тапсырмаларды ұйымдастырамын. 5-сыныптарда WhatsApp желісінің көмегімен ұжымда М.Мақатаевтың өлеңін тыңдап, өлеңді жаттауға, видео түсіруге тапсырма бердім. 5 «А» – сыныбын­да Алпамыс Кенгеспаев, Малика Мусина, Омар Ұзақов, Толғанай Тұрғанова, 5 «Б» Әлия Шек­тібаева, Адия Мұхамедиева, Алан Морав, 5 «В» сыныбында Даниал Марат, Арсений Феде­ренко, Томирис Масхут берілген тапсырманы критерийлерге сай, өлеңді жаттап, видеоларын жіберді. Менің мақсатым – өлеңді басты назарға ала отырып, ынтымақтастықпен оқыту, оқушылардың жауапкершілікті сезініп, видео дәлелдерімен қызықтыра отырып, білім алудағы қабілеттерін арттыру.

Kundelik.kz сайтының көмегімен оқу­шыларға ұсынылған тапсырмаларын жүкт­еп, қайта кері байланыс алуға таптыр­мас мүмкіндік алып отыр. Kundelik.kz – мұғалім тарапынан сабаққа қатысу белсенділігін бағалаудағы ұтым­ды плат­формалардың бірі. Мектеп әкім­шілігі мұғалім­дерге өткізілген са­бақ­тарға мониторинг жүргізіп, апта сайын Zoom платформасының көмегімен онлайн-кеңес беруде.

 

Айдана БОЛАТХАН,

М.Мәметова атындағы №28 мектеп лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

 

АЛМАТЫ