Аймақтар • 01 Мамыр, 2020

Шығыс Қазақстан: Семейде ұлы Абайдың ұлдарымен бірге бейнеленген ескерткіші қойылады

1846 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ескерткіште ақын жанында ұлдары Ақылбай мен Тұрағұл бейнеленбек.    

Шығыс Қазақстан: Семейде ұлы Абайдың ұлдарымен бірге бейнеленген ескерткіші қойылады

Кеше облыс әкімі Даниал Ахметов Семейге  жұмыс сапарымен барып, Абайдың 175 жылдық мерейтойына әзірлік барысымен танысып қайтты. Аймақ басшысы Абай атындағы алаңда және  Абай театрындағы жөндеу жұмыстарын көріп, Абай музейінде болды.

а

Ерекше атап өтер дүние, биылғы мерейтой аясында һәкімнің табаны тиген қара шаңырақ алдына ақын мен ұлдарының бірге тұрған ескерткіші қойылмақ. «Мұндай ескерткіш елімізде әлі қойылған жоқ. Туындының өзгешелігі, ақынның ұлдарымен бірге тұрғаны, ұлдарының әкесіне мейірлене, сүйіспеншілікпен, құрметпен көз салған сәті. Бұл жерде ұлы Абайды қамқор әке ретінде көрсеткіміз келді» дейді Даниал Ахметов.

м

Туынды авторлары – өскемендік Сәрсен Сейісов пен семейлік Нұрбол Қали. Бұған дейін Жармадағы Зере ана мен бала Абайдың, Зайсандағы Баймұрат батырдың, Абай ауданындағы Абай, Құнанбай және Тоқтамыс батырдың ескерткіштерін жасаған мүсінші Нұрбол Қалидың айтуынша, ескерткіште ақын жанында ұлдары Ақылбай мен Турағұл бейнеленбек.    

 СЕМЕЙ