Қазақстан • 01 Мамыр, 2020

COVID-19: ДСМ маңызды шешім қабылдады

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрлігінің COVID-19-ға қарсы іс-қимыл шараларын әзірлеу және санитарлық-эпидемиологиялық қызметті жақсарту жөніндегі отырысында маңызды шешім қабылданды.

COVID-19: ДСМ маңызды шешім қабылдады

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігеріне кеңейтілген өкілеттіктер берілді.
Енді ол елімізде шектеу шараларын енгізіп, олардың күшін жоя алады. Қаулы мемлекеттік тіркеуге жатпайды.

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің өкілеттіктері мына тұрғыдан кеңейтілді:

Карантиндік аймақтарды белгілеу туралы шешім қабылдау құқығымен, мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттері арқылы кіруге және шығуға шектеу енгізу туралы шешім;

Инфекциялардың әкелінуі мен таралуынан қорғалатын аумақтарда эпидемияға қарсы іс-шараларды толық үйлестіру;

Эпидемиологиялық қызметтердің штаттық саны көбейді, эпидемиологтар арнайы мемлекеттік органдарға артықшылықтары бойынша теңестірілген.

Сондай-ақ, отырыс барысында санитарлық медициналық бақылаудың жеке қызметін бөле отырып, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетін қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.

Бұл санитарлық-карантиндік бақылауды жетілдіру және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтерді материалдық-техникалық жарақтандыруды жақсарту үшін жасалады.