20 Қыркүйек, 2013

Бүгінгі бала – ел болашағы

3434 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қазақ халқында «Бүгінгі жас – ертеңгі ел ағасы», «Ақыл – жастан, асыл – тастан» деген нақыл сөздер бар. Осы сөздердің мәніне терең үңілер болсақ, бүгінгі жас ұрпақтың ертеңгі күні еліміздің тізгінін ұстайтын басшы азаматтарға айналатынын, болашақта ел билігі жастардың қолында болатынын білдіреді.

Олай болса, біздің елімізде жастардың бүгінгі ахуалы қандай? Оларға мемлекет тарапынан жеткілікті көңіл бөлініп отыр ма? Жастардың әлеуметтік, мәдени және саяси құқықтары іске асып келе ме? Республикамыздағы жастар ұйымдарының қоғамға, әсіресе, жастарға тигізіп жатқан көмегі қандай деген сұрақтарға жауап іздегеніміз жөн.

«Қазақстан Республикасын­да­ғы мем­лекеттік жастар сая­саты туралы» Заң­ға сәйкес, Қазақ­стан­да жастар деп 14 пен 29 жас аралығындағы Қазақстан Рес­пуб­ликасының азаматтары саналады.

 

Қазақ халқында «Бүгінгі жас – ертеңгі ел ағасы», «Ақыл – жастан, асыл – тастан» деген нақыл сөздер бар. Осы сөздердің мәніне терең үңілер болсақ, бүгінгі жас ұрпақтың ертеңгі күні еліміздің тізгінін ұстайтын басшы азаматтарға айналатынын, болашақта ел билігі жастардың қолында болатынын білдіреді.

Олай болса, біздің елімізде жастардың бүгінгі ахуалы қандай? Оларға мемлекет тарапынан жеткілікті көңіл бөлініп отыр ма? Жастардың әлеуметтік, мәдени және саяси құқықтары іске асып келе ме? Республикамыздағы жастар ұйымдарының қоғамға, әсіресе, жастарға тигізіп жатқан көмегі қандай деген сұрақтарға жауап іздегеніміз жөн.

«Қазақстан Республикасын­да­ғы мем­лекеттік жастар сая­саты туралы» Заң­ға сәйкес, Қазақ­стан­да жастар деп 14 пен 29 жас аралығындағы Қазақстан Рес­пуб­ликасының азаматтары саналады. Ресми деректерге сүйенсек, еліміздегі жастардың саны 4,5 миллионнан асады. Бұл республика халқының 30 пайызға жуығын жастар құрайтынын білдіреді.

Әлеуметтанушылардың пайымына сүйенсек, жастар – жеке тұл­ға болып қа­лыптасып келе жат­қан азаматтардың ең әлсіз буыны, осыған байланысты олар қо­ғамдық өмірде әлеуметтік және психологиялық күйзеліске жиі ұшырайды. Жас азаматтар­ды қолдай отырып, мемлекет олардың бәсекеге қабілетті мүмкіндіктерін шыңдайды, әлеуметтік тұрақ­ты­лығын қам­тамасыз етеді және өз болаша­ғы­ның «адами ресурстарын» дамытады.

Қазақстан халқының үштен біріне жуығын құрап отырған жастардың қа­зір­гі таңдағы ден­саулығы, білімі, кәсіп­тік, рухани-мәдени дайындығы мем­лекеттің келешегін айқындайтын адами капиталының негізі болып саналады.

Мемлекет жастар арасын­да әлеуметтік шиеленісті бәсең­дету, жасөспірімдер мен жас­тар арасында нашақорлыққа, мас­күнемдікке, қоғамға қарсы және ауыт­қу құбылыстарымен күресте кезек күт­тір­мейтін шаралар қолданады. Жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмысты бол­дырмау жөнінде заң-құқық туралы бі­лім беру және мәселенің алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында респуб­ликада жоғары және орта арнау­лы оқу орындары негізінде жедел жастар жасақтары құрылып, орта мектептерде 9-сыныптан бастап 11-сыныпқа дейін құқықтық тәрбие жөнінде факультативтік сабақтар, дәрістер енгізілген.

Алайда, жоғарыда айтылған мемлекеттік іс-шаралар жас­тардың мәселесін толық шешіп отыр деп айта алмаймыз. Себебі, қазіргі таңда қоғамда жұмыссыз, оқусыз және әртүрлі деструктивті топтардың шырмауына түскен жастар аз емес. Кеңес өкіметі тұсында жастардың оқу-білімсіз, жұмыссыз жүруіне заң жүзінде тыйым салынатын. Біздің әке-шеше, аға-бауырларымыз кеңестік жастар идеологиясымен өсті.

Еліміздің тәуелсіздік алуы мемлекеттің жастар саясатына жаңаша қарау талабын қойды. Елімізде кеңестік жастарды тәрбиелеу жүйесін түп орнымен өзгер­тіп, оларды біріктірудің, елдікке, отан­сүйгіштікке бау­лудың жаңаша формасын ойлап табу қажеттілігі пайда болды. Міне, осындай қоғамдық қа­жеттілікті айқын сезінген Елба­сы Н.Ә.Назарбаев «Нұр Отан» партиясының ХІІІ съезінде Қа­зақстанның жас азаматтарының басын біріктіретін «Жас Ұлан» бірыңғай балалар ұйымының жаңа жүйесін құру керектігін айтқан болатын. Мемлекет басшысының осы ид