20 Қыркүйек, 2013

Адам құқын қорғауды жетілдіру – заман талабы

335 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Кеше Сыртқы істер министрлігінде Елбасы Н.Назарбаевқа және халықаралық сарапшыларға таныстырылып, оң бағасын алған Адам құқықтары жөніндегі комиссияның 2012 жылғы Қазақстан Республикасындағы адам және мигранттар құқықтарының ахуалы туралы екі баяндаманың халықаралық тұсаукесері болды.

Тұсаукесер рәсімін Прези­дент жанындағы Адам құ­қықтары жөніндегі комиссияның төрағасы, Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов ашып, жүргізіп отырды.

Кеше Сыртқы істер министрлігінде Елбасы Н.Назарбаевқа және халықаралық сарапшыларға таныстырылып, оң бағасын алған Адам құқықтары жөніндегі комиссияның 2012 жылғы Қазақстан Республикасындағы адам және мигранттар құқықтарының ахуалы туралы екі баяндаманың халықаралық тұсаукесері болды.

Тұсаукесер рәсімін Прези­дент жанындағы Адам құ­қықтары жөніндегі комиссияның төрағасы, Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов ашып, жүргізіп отырды.Құттықтау сөз айтқандардың арасында Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин, Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов, Ұлыбританияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Кэролин Браун, Халықаралық көші-қон ұйымының Орталық Азиядағы миссиясының басшысы Деян Кесерович, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Орталығының басшысы Наталья Зарудна болды.

«Бұлар жыл сайын дәстүрлі түрде жасалатын баяндамалар. Онда адам құқы бойынша барлық бағыттар қамтылған. Адам құқы дегеннің өзі – адамның өмірі деген сөз. Онда адамның барлық мүдделері, талаптары және олардың өсу, өзгеру жолдары қамтылады. Біз баяндамамызда адам құқықтары бойынша түскен барлық арыз, шағымдарды қорытып, сараптадық. Бір жылда комиссияға 2 мыңнан артық арыз-шағым түсті. Соның 35 пайызы, өкінішке қарай, құқық қорғау органдарының, соттардың үстінен түскен шағымдар болып отыр. Осының өзі құқық қорғау органдары жұмыстарын жетілдіруді қажет ететінін көрсетеді», деді Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Қуаныш Сұлтанов журналистермен кездесуінде.

Біршама толымды көрінген бұл құжаттар Ұлыбританияның Қазақстандағы елшілігінің, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Орталығы мен Халықаралық көші-қон ұйы­мы Қазақстандағы өкілдігінің техникалық жәрдемімен қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жа­салған екен. Оларды жиналғандарға Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның мүшелері Т.Әбішев, В.Воронов, Е.Нұрғалиева, Е.Оңғарбаев және басқалар таныстырып шықты. Әр баяндамада тақырыптар бойынша нақты ұсынымдар да жасалған. Мәселен, «Адам құқықтарының ахуалы туралы» баяндаманың «Өмір сүру құқы» бөлімінде адамның құқықтарын қорғаудың ұлттық тетіктерін жетілдіру мақсатымен заңнамалық деңгейде өлім жазасын толықтай жою үшін 1989 жылғы 15 желтоқсанда қабылданған халықаралық пактіге қол қойылсын. Өлім жазасының орнына өмір бойы бас бостандығынан айыру институты заңнамалық түрде енгізілсін делінген. «Адамның жеке өмірін және дербес мәліметтерін қорғау құқығы» бөлімі бойынша құқық қорғау практикасы Қазақстан Конституциясы мен халықаралық стандарттарға сәйкес жетілдірілсін, деген ұсыным жасалған.

Тұсаукесер рәсімінде Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік органдар басшылары, соның ішінде Әділет министрі Берік Имашев, Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов, Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі қадағалау алқасының төрағасы Ақылтай Қасымов, Бас Прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркель және т.б болды. Сондай-ақ, биліктің заң шығару, атқарушы және сот тармақтарының, құқық қорғау органдарының өкілдері, құқықтанушы ғалымдар, дипломатиялық өкілдіктер басшылары мен т.б. қатысты.

Шарада сөйлеген сарапшылар Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның баяндамаларына жоғары баға беріп, олардың ұсынымдарын Үкімет пен Парламенттің іске асыра бастағанын атап өтті.

Жақсыбай САМРАТ,

«Егемен Қазақстан».