Бүгінге дейін Олимпиада жолдамасының тең жартысы спортшыларға үлестірілген. Ал Азия аймақтық іріктеу турнирі Қытайдың Сиянь қаласында өткізілетін болды. Бұған дейін коронавирус қаупінің жоғарылауына байланысты Сияндағы турнир Қырғызстан астанасы Бішкекке ауыстырылған еді.
Алайда індеттен қауіптенген Қырғызстан билігі жарысты өткізуден бас тартқан. Осылайша, аталған турнир келесі жылы қайтадан Сиянь қаласында ұйымдастырылады. Африка және Мұхит аймағының іріктеу додасы Мароккода, еуропалық іріктеу сыны Мажарстанда өтеді.