Экономика • 04 Мамыр, 2020

Көктемгі егіс науқанына – 100 млрд теңге

255 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Президент Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Ұлттық банк «ҚазАгро» ҰБХ-ның еншілес ұйымы «Аграрлық несиелеу корпорациясы» АҚ мен екін­ші деңгейлі банктерді қорландыру үшін «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының аясында егістік компаниясын жүргізуге қосымша 100 млрд теңге бөлді.

Көктемгі егіс науқанына – 100 млрд теңге

Корпорация аталған бағдарлама бойынша көктемгі егістік жұмыстарын қар­жы­ландырады. Негізгі мақсаты – айналыстағы қаражатты толықтыру. Бүгінгі таңда субси­дия­лауды есепке ала отырып 6% жыл­дық мөлшерлемемен 1,3 млрд теңге көле­мінде несие берілді.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағ­дар­ламасындағы өзгерістер түрлі ауылша­руа­шылық өсімдіктерді егетін фермерлерге қаржы алуға мүмкіндіктерді ұлғайтты. Енді ша­руалар егіс жұмыстарын жүргізуге айна­лыс қаражатын 12 айға дейін толықтыра алады. Бұл ретте негізгі борышты қарыз мерзімінің соңында өтеуге болатынын айта кеткен жөн.

Қаржыландыру және шешім қабылдауға өтінімдерді қарастыру мерзімі 30 күнтізбелік  күннен 10 жұмыс күніне дейін қысқартылған. Сондай-ақ несиелеу процесін оңтайландыру және қаржыландыру процесін ықшамдау шең­берінде қарыз алушылар ұсынатын құжаттар тізбесі заңды тұлғалар үшін 27-ден 13-ке, шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлерге 16-дан 12 құжатқа қысқартылды. Өңірдегі филиалдар дербес шешім қабылдау үшін лимиттер 200 млн теңгеге дейін ұлғайтылды және несие комитеттерінің қашықтан отырыс жүргізу, ЭЦҚ арқылы құжаттар мен төлем құжаттарына қол қою практикасы да енгізілді.

Шалғайдағы елді мекендердегі шаруаларды жеңілдетілген несиеге қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында көктемгі нау­қандық жұмысты жүргізуге «Қарапайым заттар экономикасы» аясында соңғы қарыз алушыларды қаржыландыратын Несиелік серіктестіктерді қорландыру құралы пайдаланылады. Осы уақытта бұл ұйымдар 144,1 млн теңгені үлестірді.

Қабылданған шаралар көктемгі егістік жұмыстармен айналысатын фермерлерді несиелеу талаптарын жақсарта отырып, оларды едәуір қолдауға мүмкіндік береді.