Аймақтар • 04 Мамыр, 2020

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Атырау облысында 6.5 мың тұрғын үй салынады

146 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Атырау облысында биыл қаржыландырудың барлық көздері есебінен 800 мың шаршы метр немесе 6,5 мың тұрғын үй салу міндеті тұр, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Атырау облысында 6.5 мың тұрғын үй салынады

Биылғы І тоқсанда салаға 8,1 млрд теңге инвестиция бағытталып, жалпы ауданы 149,6 мың шаршы метр болатын 1287 тұрғын үй пайдалануға берілді.

Жалпы биыл «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Атырау облысында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым және тұрғын үй құрылысына 20,3 млрд теңгеге 95 жоба іске асырылып, 925 адам жұмыспен қамтылады.

Кредиттік немесе жалға берілетін 620 пәтердіпайдалануға беру жоспарланып отыр. Оның ішінде сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй құрылысына 13 жобаны іске асыру үшін 5 млрд теңге қарастырылған. Биылғы І тоқсан қорытындысында әкімдікке 1,1 млрд теңге аударылып, қаражат толық игерілген. Жыл соңына дейін жалпы ауданы 10,2 мың шаршы метр болатын 157 жалға берілетін пәтер пайдалануға беріледі. Халықтың аз қамтылған әлеуметтік топтарына, көп балалы отбасыларға берілетін ол баспаналардың құрылысына 480 адам жұмысқа тартылады. 

Ал кредиттік тұрғын үй құрылысына 43 жобаны іске асыру үшін 5 млрд теңге қарастырылған. Оған 27,8 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 463 пәтерді пайдалануға беру жоспарланған.

Сонымен қатар «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2%-дық несие беретін «Бақытты отбасы» бағдарламасын жүзеге асыруға биыл республикалық бюджеттен облыс әкімдігіне 239 тұрғын үй үшін 2,4 млрд теңге қарыз беру қарастырылып отыр.

Облыста тұрғын үй құрылысы аудандарына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізуге 39 жобаны іске асырылады. Ол мақсатқа 10,3 млрд теңге қарастырылған. Биылғы І тоқсанда ол қаражаттың 2,8 млрд теңгесі аударылып, 2,2 млрд теңгесі игерілді. Аталған жобаларда 445 адам жұмыспен қамтылады