Қоғам • 04 Мамыр, 2020

Бүгінгі тағайындау маған артылған үлкен сенім деп білемін – Дәурен Абаев

342 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалған Дәурен Абаев Facebook парақшасында алғыс білдірді.

Бүгінгі тағайындау маған артылған үлкен сенім деп білемін – Дәурен Абаев

«Құрметті достар!

Баршаңызға лебіз-тілектеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін.

Еліміздің ақпарат саласына жауапты министрлікке жетекшілік еткен жылдары өздеріңізбен бірге табанды, жемісті еңбек еттік деп санаймын. Біз көтерген бастамаларды қолдап, әркез ой-пікірлеріңіз бен сын-ескертпелеріңізді ашық білдіріп, қоғам үшін маңызды мәселелерге жанашырлық танытқандарыңыз үшін Сіздерге зор алғыс айтамын. Қазіргідей күрделі уақытта қоғамның тас-түйін ауызбірлігі мен белсенді азаматтық ұстаным ауадай қажет.

Сондай-ақ, Министрліктің және Министрлікке қарасты ұйымдардағы сарапшыдан бастап басшылық құрамына дейін әрбір қызметкеріне ерекше құрмет білдіріп, алғыс айтамын.

Ал бүгінгі тағайындау, ең алдымен, маған артылған үлкен сенім деп білемін. Тапсырылған қызметті абыроймен атқарып, қажыр-қайрат пен білім-білігімізді Отанымыздың игілігіне арнаймыз» деп жазды ол.