Аймақтар • 04 Мамыр, 2020

КВИ-дің таралуын алдын-алу жұмыстарына 906 қызметкер жұмылдырылды

199 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Қазақстан Республикасының ІІМ ТЖК Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары, подполковник Әбдіқадыров Бекболат Қайырбекұлы мәлімдеді.

КВИ-дің таралуын алдын-алу жұмыстарына 906 қызметкер жұмылдырылды

Маңғыстау облысы аумағында, атап айтқанда Маңғыстау ауданы Шетпе кентінде және Қарақия ауданы Сенек ауылында коронавирустық инфекцияның кең таралуына жол бермеу мақсатында полиция органдарына 12 карантиндік объектілерді қорғау үшін Маңғыстау ауданы ТЖБ, 8-ӨСБ және Жаңаөзен қаласының 3-МӨСБ жеке құрамы берілді.

Сенек ауылында КВИ инфекция жұқтырғандар санының көбеюі байқалуда, осыған орай Маңғыстау облысының құтқарушыларымен вирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Төтенше жағдай енгізілгеннен бастап азаматтық қорғау органдары жергілікті жерлердегі нақты жағдайға байланысты әрекет ететінін және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағында қалмағанын атап өткен жөн. Б/Ө барлығы 23 нысан карантинге алынды.

Осылайша, 2020 жылдың 20 наурызынан бастап 51 елді мекенде адамдар жиналуы мүмкін 4112 объектіні қамти отырып, КВИ жеке қорғану тәсілдері мен шараларын халық арасында насихаттау бойынша күнделікті профилактикалық іс-шаралар өткізілді. Осы мақсатта азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері 906 адам (өсе отырып), дауыс зорайтқыш қондырғылары бар қызметтік автокөліктерде жалпы саны 365 бірлік тартылды. Денсаулық сақтау объектілерінде қызмет көрсететін персоналмен және медицина қызметкерлерімен 225 рет нұсқаулық өткізілді. Сонымен қатар, күн сайын халықты хабарландырудың аумақтық жүйесі бойынша сирено-сөйлеу қондырғыларын қолдану арқылы хабардар ету жүргізіледі.

Сонымен қатар БАҚ-пен байланыс белсенді жолға қойылған.