Аймақтар • 04 Мамыр, 2020

Шығыс Қазақстан: Семейдегі мектепке Әлихан Бөкейханның есімі берілді

444 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет қаулысымен бірнеше нысандарға танымал тұлғалардың есімдері берілді.

Шығыс Қазақстан: Семейдегі мектепке Әлихан Бөкейханның есімі берілді

Шығыс Қазақстан облысында Үкімет қаулысымен бірнеше нысандарға танымал тұлғалардың есімдері берілді. Мәселен, Өскемен қаласындағы ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын №38 гимназияға Лев Гумилев, №39 орта мектепке Ыбырай Алтынсарин, Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжіне Абайдың, Семейдегі №47 мектепке Ахмет Байтұрсынұлының, №37 гимназияға Ыбырай Алтынсариннің, №39 орта мектепке Әлихан Бөкейханның, №34 мектепке Бауыржан Момышұлының, №2 мектепке Қаныш Сәтбаевтың, Пригород мектебіне Жүсіпбек Аймауытовтың, Шемонаиха ауданындағы №5 мектепке Ахмет Байтұрсынұлының, №4 мектепке Шәкәрімнің, «Қызыл Шемонаиха мектебіне» Ыбырай Алтынсариннің, «Михайловка орта мектебіне» Шоқан Уәлихановтың, «Прапорщиково мектебіне» Дінмұхамед Қонаевтың, «Переваловка мектебіне» Мәлік Ғабдуллиннің,  «Бобровка мектебіне» Ахмет Байтұрсынұлының,  «Ушанов орта мектебіне» Бауыржан Момышұлының және №2 Ақсуат орта мектебіне Қожагелді батырдың есімдері берілді. Бесқарағай ауданындағы Березовка орта мектебі Бозтал орта мектебі, Үлкен Владимировка орта мектебі Қайрат Рысқұлбеков атындағы орта мектеп болып өзгертілді. Ал Семей халықаралық әуежайы бұдан былай Абай атындағы әуежай деп аталады. Үкіметтің 2020 жылғы 23 сәуірдегі №241 қаулысы сол уақыттан бастап күшіне енді.

 Шығыс Қазақстан облысы