Тінту барысында күдіктінің үйінде есірткі заттарын тұтынуға арналған ғимарат табылды. Барлық айғақты заттар тәркіленді.
Аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 1-бөлігі (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) және 302-бабының 1-бөлігі (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтыну үшiн притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және осы мақсаттар үшiн үй-жайлар беру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.