Аймақтар • 04 Мамыр, 2020

Қарағанды облысы: Диқандар дән сіңіруді бастады

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Карантиннің шектеуі Қарағанды облысының Абай, Бұқар жырау, Жаңаарқа және Шет аудандарында дәнді-дақылдар егу жұмыстарының басталуына кедергі бола алмады. Бұл туралы бүгін облыс әкімдігінде өткен аппарат жиналысында ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Сағынжан Апақашов хабарлады.

Қарағанды облысы: Диқандар дән сіңіруді бастады

Бүгінгі күнге дейін өңірде барлығы 21,9 мың гектар алқапқа дән сіңірілді. Оның ішінде 12,8 мың га жерге бидай егілген. Абай ауданында 65 га алқапқа картоп, ал 25 га жерге басқа да көкөніс өсірілуде.

Қалған аудандарда топырақты дайындау жұмыстары аяқталуға жақын. 96 мың гектар жерде егіс алдындағы өңдеу, ал 33 мың гектарға көктемгі өңдеу жұмыстары жүргізілді.

Көктемгі дала жұмыстары үшін фермерлер 3 977 тонна дизель отынымен қамтамасыз етілген.

 

Қарағанды облысы