
Коллажды жасаған Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «ЕQ»
Ортағасырлық зерттеуші Әбілғазы баһадүр Берке хан туралы жаза келіп: «Бір күні аттанып, ағасының (Батудың – Ә.М.) салдырған Сарайшық атты шаһарына барды», деп анық көрсетеді [Әбілғазы Түрік шежіресі. – Алматы, Ана тілі, 1991. – 115 б.]. Қала арқылы Бату хан оларды экономика мен қалалық мәдениет орталығына айналдырып, мемлекеттік саясаттың бөлшегі жасады. Дегенмен, қалалардың барлығы бірдей астана деңгейіне жетпеді. Бүгінде көпшілікке мәлімі Жошы ұлысы астаналары қатарында Бұлғар, Сарай-Бату (Сарай Әл-Махрус-Тәңірдің қорғауындағы Сарай), Сарай-Берке (Сарай Әл-Жадид-Жаңа Сарай) және Сарайшық аталады. Құрбанғали Халид өзінің «Бес тарихында»: «Сарай, Сарайшық пен Хан ордасы қалаларының айналасына орналасқандықтан хан, ханзадалар билігі үзілмей жалғасып отырды», деп көрсетеді [Халид Құрбанғали. Тауарих Хамса (Бес тарих). Ауд. Б.Төтенаев, А.Жолдасов. – Алматы: Қазақстан, 1992. – 50 б.]. Тарихшы В.Л.Егоров жазғандай: «В результате в монгольском обществе выделяется специфическая чиновничья прослойка, которая не кочует вместе с ханом, а оседает на постоянное жительство вокруг его стационарной зимней ставки. Таким образом, создается ядро оседлого населенного пункта, формирующееся вокруг дворца верховного правителя. Именно о такой схеме зарождения столицы Золотой Орды города Сарая свидетельствует и его название, которое переводится словом «дворец». Такое же название носила и вторая столица государства – Сарай ал-Джедид (Новый Дворец). Можно вспомнить и центр Крымского ханства Бахчисарай и город Сарайчик на Яике. Все эти населенные пункты возникали по одной схеме» [Егоров В.Л.Золотая Орда: мифы и реальность. – М.: Знание, 1990. – 64 с.]. Осылайша Жошы Ұлысы тарихындағы Сарай атауымен басталатын қалалар империя саясатында басты рөл атқарады.
Тоғыз жолдың торабы түйіскен Сарайшық ХІІІ-ХІV ғасырларда Еділ-Жайық аралығындағы ірі қалалардың біріне айналды. Ортағасырлық Сарайшық қаласының аумағын 1861 жылы Сарайшық құландыларын зерттеген топограф А.Е.Алексеев 3 верст 350 сажен (бүгінгі өлшеммен 4,5 км2) [Сарайшық – бабалар мұрасы. – 54-55 б.], Жайық бойы қалаларын ұзақ жылдар бойы зерттеген археолог Л.Л.Галкин бұл кезеңде Сарайшық халқы 50 мыңнан көп емес деп анықтайды [Байнекеева З.Разрушитель легенд // Ақжайық. – 2011. – 29 сентябрь].
Әрине Сарайшық Сарай-Батумен салыстырғанда шағындау қала болды. Зерттеуші В.Л.Егоров В.Г.Тизенгаузеннің еңбегіне (Сборник материалов, относящихся к истории Золотой Орды. СПб., 1884) сүйеніп, Сарай-Бату қаласының көлемі шамамен 10 км2, ал халқы 75 мың шамасында болғанын дәлелдеді [Егоров В.Л. Историческая география Золотой Орды в XIII – XIV вв. М.: Наука, 1985. – с.115]. Мұның өзі Сарайшықтың Алтын Орданың кіші сарайы болғанын да айғақтайды.
Сарайшық қаласы мұсылман дінін Жошы ұлысының мемлекеттік діні деңгейіне көтерген рухани астанасы болды. Осында Берке (1257-1266), інісі Тоқай-Темір 1263 жылы мұсылман дінін қабылдады, ал Өзбек хан Ұлыстың мемлекеттік діні деп жариялады. Неміс ғалымы Б.Шпулер Берке хан ислам дінін ХІІІ ғасырдың 40-жылдары қабылдады және ханға Бұхара оқымыстысы 1261 жылы қайтыс болған Шамсуддин әл-Бұхари ықпал жасады деп есептейді [Шуплер Бертольд. Золотая Орда. Монголы на Руси. – с.188]. Ол турасында Әбілғазы Берке хан Бұхарадан келген керуеншілермен сөйлесіп «Мұсылманшылықтың шарттары мен тарихын сұрады. Бұл кісілер мұсылманшылықты жақсы баян қылды. Берке хан таза жүрегімен мұсылман болды. Сосын ол халқын исламға сенуге шақырды», Өзбек хан «Елдің ұлыс-ұлысын исламға кіргізді, халықтың дәулеті артты» [Әбілғазы Түрік шежіресі. – 99,116 б.], Ибн Баттута Сарайшықта «Бұл қалада түркіден шыққан құрметті тақуа діндар кісінің тұраржайы бар, оның аты – Ата. Ол бізді қонақ қылып әрі батасын берді», деп толықтырады. Араб саяхатшысы суфиилік мекемеге – завияға барған.
Ортағасырлық сарай шежірешілері мен атақты тұлғалардан естігенін жазған Абдулғаффар Қырыми «Үмбет әл-ахбар» еңбегінде: «Историк Хаджи Тарханлы Эль-хадж Нияз передает, что почтенный хан и еще восемь человек направились в Хорезм, затем пришли Сарайчик. Он оповестил о том, что является Берке ханом бин Джучи ханом.Однако из-за новости, которую они отправили Хулагу были удивлены. Было получено известие о том, что воины Хулагу в это время направлялись по дороге в Ширван. Все были ошарашены и хотели отвернуться от Берке хана. Берке хан сказал им: «Истинная религия – Мухаммеда, путь Ахмеда. По воле Аллаха, с чудесной помощью любимого друга Аллаха и шейха» [Абдулгаффар Кырыми. Умдет ал-ахбар. Книга 2: Перевод. Серия «Язма Мирас. Письменное Наследие. – Казань: Институт истории им. Ш.Марджани АН РТ, 2018. – с.46]. Өтеміс қажы «Чингиз-наме» зерттеуінде Берке хан: «из Ургенча пошел в Сарайчук. Рассказывают. Пока он шел из Ургенча до Сарайчука, вокруг него собрались пятьсот человек. Покаже они, пройдя через Сарайчук, дошли до берега реки Идил, то собрались уже было тысяча пятьсот человек деп толықтыра түседі» [Утемиш-хаджи. Чингис наме /Факсимиле, перев, транскрипция, текстологические примечания, исследование В.П.Юдина. Комментарии и указатели М.Х.Абусейтовой. – Алма-Ата: Ғылым, 1992. – с.97].
Осы тұста Сарайшықта мешіт-медреселермен бірге қоғамдық монша, әжетхана, кәріз жүйесі, су құбырлары, қауыздар, бұрқақтар салынады. Оны дамыту мақсатында елдің оңтүстігінен діни ғалымдар шақырылады. Сарайшықта сейіттер, молдалар, қожалар, хафиздер қызмет ете бастайды. В.Трепавлов Ноғайлы кезеңінен Естерек тұсында сейіттердің басшысы ретінде Ибрагим б. Калеват, Сайф ад-Дин б. Калеватты атайды. Олар сауатты тұлғалар болғандықтан мемлекет басшысына ақыл-кеңес беріп, халықаралық байланыста шешуші рөл атқарған [Трепавлов В.В. История Ногайской Орды. – с.569-571].
Сарайшықта бірнеше діни орталық қызмет жасаған. Оларда әртүрлі діни миссионерлер өз діндерін уағыздаған. Миссионерлер қала арқылы Азияға жол тартқан. Өз зерттеуінде В.В.Бартольд 1338 жылы миссионер Пасхалияның Сарайшыққа келгенін жазады [Қасенов М.Сарайшық қаласының тарихы. – Атырау: Х.Досмұхамедов атындағы АМУ баспасы, 2007. – 31-32 б.].
Сарайшық қаласы Жошы ұлысы хандарының таққа отыратын маңызды саяси орталығы – астанасы болды. Сарайшық хан сайлану дәстүрімен, алтын тағымен аты шықты. Ол турасында Әбілғазы еңбегінде: «Өзбек хан өлгеннен соң оның ұлы Жәнібекті хан көтерді, Жәнібек хан ғажайып мұсылман патша болды, өзі ғұлама, ибалы, ақылды кісі еді, Сарайшық шаһарында таққа отырды», «Жәнібек хан өлгеннен соң Тебризден Бердібек хан Сарайшыққа келді. Үш күн аза тұтып, азадан соң барлық ханзадалар мен әмірлер жиналып, Бердібекті хан көтерді», деп жазса [Әбілғазы Түрік шежіресі, 114-115 б.], белгілі ноғайтанушы В.В.Трепавлов осы тізімге Өзбек ханды да қосады [Трепавлов В.В. История Ногайской Орды. / Отв. ред. М.А.Усманов. 2-изд., испр. и доп. – Казань: Издательский дом «Казанская недвижимость», 2016. с.589]. Тарихи деректер хандар «Алтын таста», «Алтын тақта» отырды деп жазады. Мәселен, Ибн Баттута жазған Қырымдағы Сұлтан Мұхаммед Өзбек ханның «Алтын тас» ерекше қызықты. Неміс түркітанушысы Бертольд Шпулер Ибн Баттутаның тарихи еңбегін саралай келе Жаңа Сарайдағы: «Алтын тас (золотой камень) представлял собой величественное здание, башни которого украшала полная луна весом в два египетских киккара (один киккар был равен примерно 42,5 кг). Трон правителя первоначально был деревянным. Вокруг дворца распологались жилища татарской знати» деп толықтыра түседі [Шуплер Бертольд. Золотая Орда. Монголы на Руси. 1223-1502 / Пер. с нем. С.Ю.Чупрова. – М.: ЗАО Центрполиграф, 2018. – с.238]. Яғни мұндай «Алтын тас» немесе «Алтын тақ» Сарайшықта да болған.
Сарайшық Жошы ұлысы билеушілерінің, даңқты тұлғалардың пантеоны. Ол 1459 жылғы венециялық монах Фра Мауроның картасында Жайықтың оң жағалауына салынып, күмбезбен белгіленіп, «Билеушілер қабірстаны» аталады [Трепавлов В.В. История Ногайской Орды. – с.589]. Кейін ол П.И.Рычков [Труды П.И.Рычкова. Топография Оренбургская, то естьобстоятельное описание Оренбургской губернии, сочиненное коллежским советникоми императорской академии наук корреспондентом Петром Рычковым / Научно-популярное издание под ред. С.В.Богданова. Серия «Труды П.И.Рычкова». –Оренбург, Печатный дом «Димур», 2012.], П.С.Паллас [Сарайшық – бабалар мұрасы. Сарайшық қалашығының тарихы туралы дереккөздер /Құр. Ж.К.Жұмабаева, М.Қ.Кипиев/ Ғыл. ред. Ж.К.Жұмабаева. –Атырау: «Ағатай» баспасы, 2015. – 224 б.], ХІХ ғасырда А.И.Левшин [Сарайшық – бабалар мұрасы. Сарайшық қалашығының тарихы туралы дереккөздер], 1861 жылы топограф А.Е.Алексеев [Сарайшық – бабалар мұрасы. Сарайшық қалашығының тарихы туралы дереккөздер] еңбектерінде анық көрініс табады. Сарайшықта археологиялық қазба жүргізген Н.Арзютов (1937 жылы) «Алтын Орда хандарының жерленген жері» [Сарайшық – бабалар мұрасы. Сарайшық қалашығының тарихы туралы дереккөздер], Г.И.Пацевич (1950 жылы) «Сарайшықта Жошы ұлысының астанасы және алғашқы Алтын Орда хандарының жерленген орны болғандай» [Сарайшық – бабалар мұрасы. Сарайшық қалашығының тарихы туралы дереккөздер], Ә.Марғұлан (1950 жылы): «Жазба қайнар көздерінен байқауымызша, ХV-ХVІ ғасырлардағы тамаша сәулет ескерткіштері қазақ хандары Жәнібек пен Қасым ханға Сарайшықта тұрғызылды... 1524 жылы Сарайшықта қазақ ханы – Қасымның қаза тауып, жерленгені қайнар көздерінен белгілі» [Сарайшық – бабалар мұрасы. Сарайшық қалашығының тарихы туралы дереккөздер] деген тоқтамға келеді. Оларға негізгі дерек Қадырғали Жалайырдың «Жылнамалар жинағы» [Қадырғали Жалайыр. Шежірелер жинағы. – Алматы: Қазақстан, 1997. – 128 б.] мен ХVІІ ғасырдың екінші жартысындағы Әбілғазының «Түрік шежіресі» [Әбілғазы Түрік шежіресі] және эпикалық жырларымыз болады [Эдиге: Ногайская эпическая поэма / под ред. Н.Х.Суюновой; Карачаево-Черкесский институт гуманитарных исследовании при Правительстве КЧР. – М.: Наука, 2016. – 512 с.]. Қадырғали Жалайыр Қасым хан жөнінде: «Оның хикаясы әр жерде айтылады, сондықтан мәлім, мәшһүр болды. Ақырында Сарайшықта дүние салды. Бұл күндері оның қабірі Сарайшықта жатыр» [Қадырғали Жалайыр. Шежірелер жинағы. -121 б.], ал Әбілғазы Алтын Орда хандары Тоқтағу хан «патшалық өмірі алты-ақ жыл болды, Сарайшық шаһарында жерленді», Жәнібек хан Өзбекұлын «ол он жеті жыл патшалық құрды. Сарайшықта жерленді» [Әбілғазы Түрік шежіресі. – 116-117 б.] деп жазады. Біз оларға қосымша Өтеміс қажының, Абдулғаффар Қырымидің жанама деректеріне сүйене отыра Сарайшықта Алтын Орда хандары Жошының Батуынан тарайтын ұрпақтары Тоқтағу, Мөңке Темірұлы, Жәнібек Өзбекұлы, Бердібек Жәнібекұлы, Жошының Тоқай Темірінен тарайтын Тоқтамыс Тайқожаұлы, Жошының Орда Еженінен тарайтын қазақ хандарының атасы Ақ орда ханы Барақ Құйыршықұлы, Қазақ хандығының билеушісі Қасым Жәнібекұлы Сарайшықта жерленген деген қорытынды жасаймыз. Бұл бағытта түрлі тұжырымдар болғанына қарамастан, болашақта зерттеулер жалғасын табады деп сенеміз.
Сарайшық әлемдік тарихта аты қалған атақты тұлғалардың кіндік қаны тамған жер. Олардың арасында 1549-1554 жылы Үлкен Ноғай ордасының билеушісі болған Едіге әулетінің ұрпағы Жүсіптің қызы, Қазан хандығының ханшайымы Сүйімбике (1516-1554), Қазақ хандығының негізін қалаушы Жәнібек ханның Жәдігінен тарайтын Ондан сұлтанның ұлы, Қазақ хандығы мен Москва мемлекеті арасындағы дипломатиялық байланыстың негізін қалаушы Оразмұхамед сұлтанның, Бөкей Ордасы ханы Жәңгір ханның туған жері.
Ресей тарихшысы А.В.Беляков: «...Ораз-Мухаммед мог появиться на свет в ногайских улусах..... казахский султан, возможно, родился на территории Казахстана. ...один из архивных документов, в котором Ондан, отец Ораз-Мухаммеда, назван «ногайским царем». ....он был назначен номинальным ханом правителем Ногайской Орды бием Дин-Ахмедом (Тинехмат). Хотя можно высказать и другое предположение. Ондан-султана мог поставить ханом над частью подчинившихся ему ногайских племен правитель Казахского ханства Хакк-Назар-хан» деп жазады [Беляков А.В.Ураз-Мухаммед ибн Ондан и Исиней Карамышев сын Мусаитов. Опыт совместной биографии. –Алматы: АО «АБДИ Компаний», 2019. – с.23].
Қорыта келгенде, ортағасырлық Сарайшық тарихы жаңа ізденістерге шақырады. Оған қатысты шетел архивтерінен материалдар іздестіріліп, Қазақстанға әкелінсе қала тарихы туралы тың тұжырымдар жасалатынына кәміл сенеміз.
Әбілсейіт Мұқтар,
тарих ғылымдарының докторы, профессор,
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК директоры