Мекеме басшысы Қуат Машырықовтың бастамасымен қолға алынған шараға ұжым тікелей атсалысты, деп хабарлайды Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Шараның мақсаты – бақыт пен көңіл-күй сыйлау, қолдау көрсету. Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды.
Осылайша маңғыстаулық тіс дәрігерлері мұқтаж отбасыларға өздерінің ыстық ықыластарын білдірді.
Маңғыстау облысы