Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында өткен дебатқа University-дің «Құқықтану», «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» және «Мұнай – газ ісі» мамандықтарының студенттері қатысып, өз пікірлерін ортаға салды.
«Сыбайлас жемқорлық – жағымсыз құқықтық және әлеуметтік құбылыс» тақырыбында өткен пікірсайыста Yessenov University жанындағы дебат клубының жетекшісі Қобылан Ермекбаев пен департаменттің алдын алу және парасаттылық басқармасының бас маманы Ханшайым Құспанова төрешілік етті.
Пікірсайыс клубының ережесі бойынша алдымен фракциялар реттік санын анықтап алды. Бірінші болып пікірсайысқа түсетін «Жастар» фракциясы үкімет, «Болашақ» фракциясы оппозиция ретінде пікір таластырды. «Қоғамда орын алатын жағымсыз құбылыс ретінде сыбайлас жемқорлықпен күресті ерте жастан бастап, мектеп бағдарламасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы пән енгізілуі керек» деген фракциялар ойларын ұтымды жеткізіп, пікір алаңын қалыстастыра алды.
Пікірсайыс қорытындысы бойынша үздік ой-пікірлерімен көзге түскен «Болашақ» командасы жеңіске жетті.
-Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыстастыруда осындай шаралар өткізу тиімді, студенттер ізденеді, осылайша олардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптасады, деді Ханшайым Құспанова.
Өз кезегінде, оқытушы Гүлнар Ізтұрғанова Yessenov University мен Маңғыстау облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментімен алдағы уақытта осындай іс-шаралар жалғасатынын жеткізді.
Маңғыстау облысы