2013 жылғы 16 қыркүйек, Астана, Үкімет Үйі
«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы №1729 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1.«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы №1729 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., №47-48, 444-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесінде:
2-тармақ:
мынадай редакциядағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
«11-1) мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тізілімі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алу жүйесін реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган қалыптастыратын әлеуетті өнім берушілердің (өнім берушілердің) тізбесі;
17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«17) сатып алуды ұйымдастырушы – тапсырыс беруші немесе осы Ереженің 88-4-тармағына сәйкес сатып алуды ұйымдастыру үшін белгілеген тапсырыс беруші немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тұлға;»;
19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«19) тек бірыңғай дистрибьютордан сатып алуға жататын дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізімі (бұдан әрі – бірыңғай дистрибьютордың тізімі) – денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін, тапсырыс берушілер бірыңғай дистрибьютордан сатып алатын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесін, халықаралық патенттелмеген атаулары немесе дәрілік заттардың құрамы, медициналық мақсаттағы бұйымдардың атаулары көрсетілген бірыңғай дистрибьютордың қоймасында қалыптасатын төмендемейтін қоры бар дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесі мен көлемін, сондай-ақ техникалық сипаттамаларын, жасалған ұзақ мерзімді жеткізу шарттарының болуы туралы ақпаратты қамтитын құжат;»;
4, 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге арналған дәрілік заттарды сатып алу үшін бөлінетін бюджет қаражатын оңтайлы және тиімді жұмсау мақсатында дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар уәкілетті орган белгілеген бағадан аспайтын бағамен сатып алынады.
Дәрілік заттарға және медициналық мақсаттағы бұйымдарға шекті бағалар өндіруші растаған бағалардың, көтерме бағаларды талдау негізінде, сондай-ақ алдыңғы жылғы сатып алу бағасын және тұтынушылық баға индексін есепке ала отырып айқындалады.
Бірыңғай дистрибьютордың тізімі бойынша дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың шекті бағаларын жыл сайын уәкілетті орган бекітеді.
Дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға бағаны мониторингілеуді ұйымдастыру және жүзеге асыру, сондай-ақ оларды қалыптастыру тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
5. Тендерді ұйымдастырушының жұмыскерлеріне, сондай-ақ аффилиирленген тұлғаларына, оның ішінде бірыңғай дистрибьютордың аффилиирленген тұлғаларына осы ережеде реттелетін сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға тыйым салынады.
Әлеуетті өнім берушінің және оның аффилиирленген тұлғасының бір лотқа қатысуға құқығы жоқ.
Әлеуетті өнім берушінің егер:
1) осы әлеуетті өнім берушінің жақын туыстарының, зайыбының (жұбайының) немесе өзіне тән басшыларының және (немесе) осы әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің өнім берушіні таңдау туралы шешім қабылдауға құқығы болса не өткізілетін сатып алулар т
ендерінде тапсырыс берушінің өкілі немесе ұйымдастырушысы болып табылса;
2) тендерге қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің басшысының, заңды тұлға құрылтайшысының, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаның жосықсыз әлеуетті өнім берушілер (өнім берушілер) тізбесіне енгізілген заңды тұлғаларды басқаруға, құруға, жарғылық капиталына қатысуға қатысы болса;
3) әлеуетті өнім берушінің басшысы және (немесе) тендерге қатысуға үміткер осы әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілі жосықсыз әлеуетті өнім берушілер (өнім берушілер) тізбесіне енгізілген, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға болып табылса;
4) тендерге қатысуға үміткер кәсіпкерлік қызметтті жүзеге асыратын, жеке тұлға болып табылатын әлеуетті өнім беруші жосықсыз әлеуетті өнім берушілер (өнім берушілер) тізбесіне енгізілген әлеуетті өнім берушінің басшысы болып табылса;
5) әлеуетті өнім беруші және (немесе) осы әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілі жосықсыз әлеуетті өнім берушілер (өнім берушілер) тізбесінде болса;
6) әлеуетті өнім берушінің қаржылық-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына не Қазақстан Республикасының резиденті емес әлеуетті өнім беруші мемлекетінің заңнамасына сәйкес тоқтатылған жағдайда сатып алуға қатысуға құқығы жоқ.»;
8-тармақтың 1), 6) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) фармацевтикалық қызметпен және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген лицензияланатын қызметтің басқа түрлерімен айналысуға лицензиясының және (немесе) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның хабарламаны қабылдау туралы талонының немесе халыққа қызмет көрсету орталығының қабылдау туралы белгісі бар хабарлама көшірмесінің немесе электрондық құжат нысанындағы талонның болуы;
6) жосықсыз әлеуетті өнім берушілердің (өнім берушілердің) тізбесінде болмауы;
7) дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың және/немесе медициналық мақсаттағы бұйымдардың әлеуетті өнім берушісінің сатып алуға ұсынылатын дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды және/немесе медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіруші не ресми өкіл мәртебесі болуы тиіс. Медициналық техниканың әлеуетті өнім берушісінің өндіруші не ресми дистрибьютор, не шарты мен оның сатып алуға ұсынылған медициналық техниканы өткізуге құқығын растайтын өзге құжаттары бар өндірушінің ресми өкілі мәртебесі болуы тиіс.»;
12-тармақтың 4) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«екі жылдан кем жарамдылық мерзімі бар, бірыңғай дистрибьютордың қоймасына өнім берушіден бұдан бұрын қабылданған тауардың ауыспалы қалдығы немесе төмендемейтін қордағы тауар болып табылатын, тапсырыс берушіге жеткізілетін дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың жеткізу сәтіне жарамдылығының қалған мерзімі жалпы жарамдылық мерзімінің отыз пайызынан кем болуы мүмкін, ал кемінде екі жыл жарамдылық мерзімі бар тауардың жарамдылық мерзімі жеткізу сәтіне өндіруші көрсеткен жалпы жарамдылық мерзімінен сегіз айдан кем болуы мүмкін.»;
13-тармақтың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) медициналық техника жаңа және бұрын пайдаланылмаған болуы тиіс, бұл ретте өнім беруші медициналық техниканы жеткізу сәтінде шыққанына жиырма төрт ай болмаған медициналық техниканы ұсыну бойынша міндеттемелерді өзіне алуы тиіс;
4) өлшеу құралдарына жататын медициналық техника Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі тізіліміне енгізілуі тиіс. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміндегі медициналық техниканың атауы заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында тіркелген медициналық техниканың атауымен бірдей болуы тиіс.»;
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«35. Сатып алуды ұйымдастырушы немесе бірыңғай дистрибьютор денсаулық саласындағы уәкілетті орган көздеген тәртіппен және мерзімдерде қалыптастырған дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жосықсыз әлеуетті өнім берушілерінің (өнім берушілер) тізбесі заңды күшіне енген сот шешімдерінің негізінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган