22 Қыркүйек, 2013

Қытай саясаткері Бо Силай өмірлік түрмеге жабылды

341 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бо Силай-1

Қытайдың Шаньдун провинциясының әкімшілік орталығы - Цзинань қаласының халықтық соты бүгін Чунцин қаласы партия комитетінің бұрынғы бірінші хатшысы Бо Силайды өмірлік түрмеде отыру жазасына кесті. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

Сот оны айыптаудың барлық тармақтары бойынша кінәлі деп тапты. Соның ішінде жемқорлық пен билікті асыра пайдалану бабы да бар. Сотқа ұсынылған айыптау қорытындысында партия шенеунігінің билікті пайдалана отырып,

26,79 млн. юань (4,37 млн. доллар) көлемінде пара алғаны келтірілген.

64 жастағы Бо Силай мен оның отбасысы Қытайдың 2012 жылғы қараша айында өткен XVIII съезі қарсаңында үлкен саяси жанжалдың тақырыбына айналды. Сол жылғы тамыз айында оның әйелі Богу Кайлай Британия азаматы Нил Хэйвудті өлтіргені үшін екі жылдық кідірте тұру мерзімімен өлім жазасына кесілген болатын. Қыркүйекте Бо Силайдың оң қолы саналып жүрген Чунцин қаласының вице-мэрі Ван Лицзюнь 15 жылға кесілді. Ал қазан айында кезек бірінші хатшының да өзіне келді.

Сәкен Майлыбай.

Соңғы жаңалықтар