24 Қыркүйек, 2013

Алашқа ана, қазаққа пана болған аймақ тың талаптарға сай тындырымдылық танытуда

320 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Жексенбі және дүйсенбі күндері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қызылорда облысына арнайы жұмыс сапарымен барды.

23-09-02

«Айтылмаған сөз – жетім» дейді қазақ. Сенбі мен жексенбі ежелден Үкіметтің қиып берген демалыс күн­дері ғой. Дегенмен, күннің жек­сенбі екеніне қарамастан Сырдың бойына жұмыс сапарымен келген Елбасының әрекетін елге, жер­ге, мемлекетке, халыққа деген аса үлкен жанашырлық деп тү­сіндік. Өйткені, ұлттың ұлы мұра­тын арқалаған қайраткерге қай күн, қай мезгіл екені маңызды емес. Бастысы, елдің жайын, хал-ахуа­лын өз көзімен көру, біткен іспен та­нысу, аяғына дейін жетпей жат­қан шаруаның себебін білу болса керек.

Жексенбі және дүйсенбі күндері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қызылорда облысына арнайы жұмыс сапарымен барды.

23-09-01

23-09-0223-09-01-2

23-09-02-2

23-09-03-1

«Айтылмаған сөз – жетім» дейді қазақ. Сенбі мен жексенбі ежелден Үкіметтің қиып берген демалыс күн­дері ғой. Дегенмен, күннің жек­сенбі екеніне қарамастан Сырдың бойына жұмыс сапарымен келген Елбасының әрекетін елге, жер­ге, мемлекетке, халыққа деген аса үлкен жанашырлық деп тү­сіндік. Өйткені, ұлттың ұлы мұра­тын арқалаған қайраткерге қай күн, қай мезгіл екені маңызды емес. Бастысы, елдің жайын, хал-ахуа­лын өз көзімен көру, біткен іспен та­нысу, аяғына дейін жетпей жат­қан шаруаның себебін білу болса керек.

Елбасы сапарының алғашқы күнін жаңа оқу жылында ашылған «Назарбаев зияткерлік мектебінің» жұмысымен танысудан бастады. Соңғы жылдарда республиканың қай түкпірінде болмасын сондай оқу орындары ашылып жатыр. Онда үлкен іріктеуден, сұрып­таудан өткен талантты балалар білім алады. Бүгінде елі­міз бойынша «Назарбаев зият­керлік мектебін» тәмамдаған 1003 бала бар. Бұл мектепті бі­тірген оқушылардың 93 пайызы мем­лекеттік гранттарды иеленіп, жоғары оқу орындарына түскен. Ал олардың 26 пайызы «Назарбаев Университетінің» түлектері. Аталған көрсеткіштің өзі мектеп деңгейінің қаншалықты екенін дәлелдеп тұр. Осы күні республикада 15 «Назарбаев зияткерлік мектебі» жұмыс істейді. Оның бірі Қызылордада ашылды. Алдағы уақытта Алматыда екі, Петропавл, Қостанай, Ақтау қалаларында бір-бірден мектеп ашу жоспарда бар.

Сыр өңірінде бой көтерген за­манауи үлгідегі 720 орындық зәулім ғимараттың өзі қалаға өң беріп тұр десек, артық айтпаған болар едік. Зият­кер­лік мектепке облыстың барлық аймағынан дарынды, талантты оқушылар қабылданды. Сабақ үш тілде жүргізіледі. Алғашқы 7 және 9-сыныптарда оқытылатын сабақ білім беру орталығының бағ­дарламасы аясында болса, 9-11-сынып оқушылары халық­аралық стандартқа сай тәлім ала­ды. Алыстан келіп оқитын бала­лар­ға барлық жағдай жасалған. Соның дәлелі ретінде 120 орын­дық жатақхананы айтар едік. Қызылордадағы «Назарбаев зият­керлік мектебі» химия және биология пәні бойынша терең­де­тіп оқытады. Сонымен қатар, тағы бір ерекшелігі ретінде эко­номика, экология, қазіргі әлем­дегі Қазақстан атты арнайы кабинеттердің ашылғаны. Мұнда балалар әр сала бойынша жан-жақты ақпарат алып, білімдерін жетілдіреді. Аталған оқу ошағы жаңа компьютерлік жүйемен, мультимедиалық кабинеттермен, интерактивті тақталармен, инновациялық бағдарламалар жүйесімен толық қамтылған. Мектепте білім алу үшін 4001 бала өтініш білдірген. Олардың арасынан сұрыпталып 553 оқушы «Назарбаев зияткерлік мектебінің» оқушысы атанған. Тіпті, мұғалімдердің өзі сынақ арқылы қабылданған. Соның нәтижесінде 93 мұғалім бүгінде оқушыларға білім беріп жатыр. Олардың ішіндегі 53 ұстаз үш деңгейлі конкурстың нәтижесінде қабылданған. Мұның өзі талаптың өте күшті екенін аңғартса керек.

– Біріншіден, елдегі балалар­дың барлығы талантты, дарынды емес. Өмірдің шындығы осы ғой. Сондықтан ата-аналар балалары «Назарбаев зияткерлік мектебіне» түсе алмай қалып жатса ренжімеуі керек. Мұнда тек талантты балалар ғана білім алады. Екіншіден, бұл оқу ордасы облыстағы қай мектептің қандай деңг

Соңғы жаңалықтар