Қайырымдылық, барыңмен бөлісу адамның, қазақтың табиғатына жат құбылыс емес екен. ХХ ғасырдың басында Матай руының атақты байы Мамай Тұрысбек Ақсу өңірінен медресе ашқан. Ресейдің татар өлкесінен қашып келген Әбдірахманның қазақ халқының рухани көркеюіндегі үлесі ерекше. Бұл өткеннің еншісіндегі оқиға. Ал бүгін байлығын қарашамен бөлісуде батыстың олигархтары алдына қара салмай тұр. Америкалықтар миллиардерінің саны артса, көшедегі қарапайым азамат қуанатын жағдайға жетті. Себебі, ол елде жеке тұлғаның табысы бүкіл америкалықтардың, мемлекеттің табысы болып қабылданады. Атымтай жомарттығы жағынан соңғы екі ғасырда алдына жан салмаған атақты миллиадер, инвестор Уоррен Баффеттің «Алтын ережелерінде» «Тұрмыста неғұрлым қарапайым бол» деген ұстаным бар. Америкалық миллиардерлер – филантроп Дэвид Рокфеллер, режиссер Джордж Лукас, CNN компаниясының негізін қалаушы Тэд Тернер, Нью-Йорк мэрі Майкл Блумберг және Microsoft-тың негізін салушылардың бірі Пол Аллен дәулетінің жартысын қайырымдылыққа бөлді. Ол аз десеңіз, Уоррен Баффет мал-мүлкінің 99 пайызын, Билл Гейтс 99,8 пайызын қайырымдылыққа мұра қылып қалдырып жатыр.
Қазақта «Сынықтан басқаның бәрі жұғады» деген сөз бар. АҚШ-тан басталған үрдіс табиғаты жомарт деп танылған қазаққа емес, көршіміз Ресейге жеткенге ұқсайды. Көрші елдің ауқатты кәсіпкерлері Олег Дерипаска, Владимир Потанин, Виктор Будариндер табысының 30 пайызын ауыл шаруашылығы саласының пайдасына аударатынын мәлімдеді. «Интеррос» холдингінің президенті, ресейлік миллиардер Владимир Потанин осы жылдың мамыр айында ресейлік журналистерге берген сұхбатында: «Мен жинаған капитал мұрагерлікпен берілмеу керек. 10 жылдан кейін ол қайырымдылық қорға аударылады» деді. Ол сөйдеп қана қойған жоқ, айтқанын нақты істермен дәлелдеді. Себебі, ресейлік ақпарат көздері өткен жылдың желтоқсан айында Владимир Потаниннің жеке қаржысына 1840 гектарлық жылыжай салынып, одан тиісінше мол өнім алынғанын, сол жылыжайдан түскен пайдаға Потанин мырза мүлдем қол сұқпағанын бір-бірімен жарысып жазды. Ауқатты олигарх мұны ол тек «ауылға салынған инвестиция» деп есептеп, өнімнен түскен пайданы фермерлердің ғана пайдалануына мүмкіндік береді.
Қазақтың қалталыларының қайырымдылығын қоғам әр кез сезіп жүрді.
Бүгін ғана мақтааралдықтарға 6 млн АҚШ долларын бөлген Болат Өтемұратов қоры жыл сайын орталықтан алыс орналасқан аймақтардағы ауруханаларды медициналық жабдықпен қамтамасыз етіп келді.
Басынан бастасақ «Нұр-Сұлтан» көпсалалы медициналық орталығы қарқынды терапия мен реанимация үшін ақысыз жабдық алды. Бұл акцияның артында «Шелл Қазақстан, «Эни», «ИНПЕКС Норт Каспиан Си Лтд.», «Тоталь», «ЛУКОЙЛ», «Камеко Казахстан», «Эр Ликид», «Такеда», және Қазақстандағы Шетелдік инвесторлар Кеңесі тұр.
Вируспен күреске бір миллиардтан астам теңгені Kusto Group халықаралық компаниясы, кәсіпкер Еркін Тәтішев бөлді. Дағдарыс кезінде көп зардап шеккен көп балалы отбасылар мен аз қамтамасыз етілген отбасыларға көмек тарату #KustoHelp қайырымдылық жобасының аясында жүзеге асырылады.
Алматыдағы Болат Өтемұратов Қорының және Нұр-Сұлтанның арқасында жалпы құны 4 миллион доллар тұратын коронавирусты анықтау үшін бірегей биологиялық қауіпсіздік зертханалары пайда болды. Мұндай зертхананың әрқайсысы күніне үш сағат ішінде нәтиже беріп, күніне 1000-ға дейін анализ жүргізуге қабілетті. Барлық сынақтар тегін жасалады.
Белгілі кәсіпкерлер Евгений Фельд, Асқар Алшынбаев, Есенғали Байменов, Райымбек Баталов жүздеген мың маска, мыңдаған респиратор, қорғаныш костюмдері мен көзілдіріктерді сатып алып, аударған қазақстандық дәрігерлер мен танымал кәсіпкерлерді қолдады.
Шағын бизнесті қолдау үшін Нұрлан Смағұлов пандемия кезінде MEGA сауда орталығының жалдаушыларынан жалақы төлемейді. Өз кезегінде Арманжан Байтасов ШОБ үшін Business FM радиосында тегін жарнама жариялады. Kcell компаниясы сонымен бірге қазақстандықтарға қолдау көрсетті, оның абоненттері бүкіл Қазнетке тегін қол жеткізе алды, ал BIPEK Auto - Asia Auto астана мен Алматыдағы жедел штабты жаңа көліктермен қамтамасыз етсе, қазақстандық медиамагнат Арманжан Байтасов алматылық журналистерге азық-түлік жіберіп, ықылас-лебізін білдірді.
«Сольва» МФҚ (IDF Eurasia group) «Алматы» әйелдер клубы» қоғамдық бірлестігімен, «Жүректен-жүрекке» қоғамдық қорымен бірге әлеуметтік жағынан аз қорғалған топтың ортасынан табылып, Алматыда және еліміздің бірқатар аймақтарында зейнеткерлер мен мүгедектер азық-түлік өнімдерін жеткізіп берді. Сонымен қатар «Сольва» МҚҰ-ның бұл әрекеті дәрігерлерге ғана емес, сонымен қатар шағын бизнеске де көмектесті, өйткені костюмдер мен маскалар тігуге тапсырыс жеке медициналық кәсіпкерге түрлі медициналық киімдер тігуге тапсырыс берілді.
Сондай-ақ «Argentum Estetic Medical» команиясы Алматы қаласындағы №7 қалалық ауруханаға жеке қорғаныс жиынтықтарын сыйға тартты.
Демек, көрші елдің миллиардері қаржы бөлді деп таңқалу қазаққа жараспайды. Себебі қайырымдылық қазақта бар қасиет. Ал психологтар қайырымдылықтың табиғаты жариялылықты жақтырмайтынын айтады. Сол себепті бұл үрдістің де эволюциялық жолмен дамуына мүмкіндік жасасақ. Сонда ол біздің тұрмысымыздың бір бөлшегіне айналады.
Алматы