1418 күн. 1418 түн... Осынша уақытқа созылған алапат соғыс өрті. Қазақ қана емес-ау, дүние жүзі тартты бұл азапты. Дәйекті деректер Екінші дүниежүзілік соғыста жауған оқ пен жарылған бомбадан 72 мемлекеттің 62 млн тұрғыны ажал құшқанын айтады. Соның арасында 601 мыңға жуық қазақстандық бар. Ал Ұлы дала төсінен майданға аттанғандардың жалпы саны 1 млн 200 мың адамнан асып жығылады. Соның 500-ге жуығы Кеңес Одағының Батыры атанды.

Суретті түсірген Ерлан ОМАР, «ЕQ»
Біз соғыстың тауқыметін жесір қалған әжелер мен жетім қалған аналар естіп-білдік. Содан да болар, кейінгі толқын Алашқа Ұлы Отан соғысының қатысы жоқ дегенді айтып қалып жүр. Айқайлап айтпаса да, санада селкеу, бойда күмән бары істеген ісі, жасаған әрекетінен айқын аңғарылады. Шейіт кеткен 601 мың боздақ естімесін мұны. Естімейді ғой, естісе тау боп қалу үшін қиыршық болып үгілген сарбаздар қара жерді қақ айырып қайта түрегелер ме еді, кім білсін...
Белгілісі – «Шегінерге жол жоқ, арқамызда Москва!» деп ұрандаған 28 панфиловшының 23-і ерлікпен қаза тапқаны, отқа оранған ұшағын жау техникасы шоғырланған тұсқа бұрған Нұркен Әбдіровтің көгімізден құйрықты жұлдыздай аққаны, ердің ері – Талғат Бигелдиновтің дұшпанына жасындай жай оғын төккені, Әлия мен Мәншүк, Хиуаз сияқты халқымыздың батыр қыздары, Бауыржан, Қасым, Төлеген сынды аты аталған-аталмаған қаншама батыр ұлдары от пен оқтың ортасында жүріп, Отан шебін қорғағаны. Жалғыз ұлын барсакелмеске аттандырып тұрып, қартайған ананың қайғы жұтқаны, соғысқа соңғы нанын жіберіп, бүтін бір ұлттың 1418 күн аш құрсақ күн кешкені... Сол-ақ па еді? Жоқ!
Бәрі де майдан үшін. Сойылған мал да, сауылған сүт те, егілген егін де. Ел аумағындағы қорғаныс өнеркәсіп орындары мина да, снаряд та, оқ-дәрі де өндірді. Жер-Ана төсінен алған мысты гильзаға, марганецті броньға айналдырдық.
Бәрін де қойшы, Қазақ елінде жасақталған 14 атқыштар және кавалериялық дивизиясының, 7 бригада мен 1 зениттік полктің, 12 құрылыс және 2 автобатальонының құрамында болған, ерлікпен қаза тауып, ұрыс даласынан оралмаған боздақтардың үлесін немен өлшейміз? Ат басындай алтынның да, дүниедегі бар байлықтың да бағасы бір мысқал.
Осындайда санамызда саңқ-саңқ етіп батыр Бауыржан Момышұлының күркіреген күн іспетті дауысы тұрады. «Менен артық, менен батыр, менен ақылды жігіттердің өліп кеткенін көзіммен көрдім. Олардың имандары жолдас болсын! Олар Ұлы Отанымыздың тәуелсіздігі үшін жан тәнін аямай соғысты, сол тәуелсіздік үшін жан тәсілім етті...». Баукеңнен өткен батыр десе, сенбейтін едік. Өзі айтып отыр. Әсілі, шынайы ерлік пен өрлік – өзгені өзіңнен артық бағалау болса керек-ті.
Хош! Толарсақтан қан кешкен тоңмойын жылдарды жоқтамайық. Керісінше, Кеңес Одағының Батыры атанған 500-ден астам қазақстандықпен, Ұлы Жеңістің символындай болған қаһарман Рақымжан Қошқарбаевтың Рейхстагқа Жеңіс туын тіккенімен мақтанайық!
Жаркент маңында жол апатынан бір адам қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 15:15
Президент Жамбыл облысының зиялы қауым өкілдерімен әңгімелесті
Президент • Бүгін, 15:09
Президент Шерхан Мұртаза ескерткішіне гүл шоғын қойды
Президент • Бүгін, 15:07
Роман Головченко ЕАЭО үшін жабдықталған қауіпсіз желі құруды ұсынды
Қазақстан • Бүгін, 14:51
Мұхтар Тілеуберді ресми сапармен Бахрейн Корольдігіне барды
Қазақстан • Бүгін, 14:35
Сейсмикаға төзімді құрылыс бағытында бірыңғай нормалар әзірленеді
Қазақстан • Бүгін, 14:23
Маңғыстау облысы әкімінің екі орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 14:00
ЕАЭО аясында көлік құжаттарын электронды форматқа көшіру ұсынылды
Қазақстан • Бүгін, 13:54
АМӨЗ-дегі ақау: Зауыт бас директорының орынбасары қызметінен кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:38
100 мың студент Coursera платформасына қол жеткізеді
Қазақстан • Бүгін, 13:15
Әлихан Смайылов радиожиілік спектрін синхрондауды ұсынды
Қазақстан • Бүгін, 13:00
ҚХЛ: «Барыс» «Динамомен» матч өткізеді
Хоккей • Бүгін, 12:51
ЕАЭО елдерінің Премьер–министрлері форумға келді
Қазақстан • Бүгін, 12:47
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 12:12
Ақтөбеде шенеуніктерден тәркіленген қаржыға мектеп салынды
Аймақтар • Бүгін, 12:08
Көкшетау тұрғынынан заңсыз сақталған қару тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 11:58
Президент Жамбыл облысына барды
Қазақстан • Бүгін, 11:43
Белгілі жазушы Кәмел Жүністегі дүниеден өтті
Қоғам • Бүгін, 11:31
Сарбаздар Түркістандағы су тасқынына қарсы шараларға жұмылдырылды
Оқиға • Бүгін, 11:21
Әлихан Смайылов Михаил Мишустинмен кездесті
Қазақстан • Бүгін, 11:11
Екібастұзда алғашқы көліктер заңдастырылды
Қоғам • Бүгін, 11:02
Үстел теннисінен жаттықтырушылар шәкіртақы алады
Қаржы • Бүгін, 10:57
Астана шетелден инвестиция тарту бойынша көш бастап тұр
Қазақстан • Бүгін, 10:32
Алматы облысында бірқатар жол уақытша жабылды
Аймақтар • Бүгін, 10:15
Түркістан облысындағы ахуал: 204 адам қауіпсіз жерге көшірілді
Аймақтар • Бүгін, 10:03
Мемлекет 4.0 индустриясына ауысатын кәсіпорындарды қолдауға дайын
Қазақстан • Бүгін, 09:42
Ресей премьер-министрі Қазақстанға алғыс айтты
Саясат • Бүгін, 09:31
3 ақпанға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:24
Өткен тәулікте 100 адамнан коронавирус анықталған
Коронавирус • Бүгін, 09:17
Президент азаматтарды әскерге шақыру туралы Жарлыққа қол қойды
Президент • Бүгін, 09:05
Медицина саласындағы ынтымақтастық
Медицина • Бүгін, 08:58
Аймақтар • Бүгін, 08:55
Қайтқан активтен қайыр бар ма?
Қаржы • Бүгін, 08:53
Тарих • Бүгін, 08:50
Бюллетеньмен суретке түсудің себебі неде?
Қоғам • Бүгін, 08:47
Несиені теңгемен беру көлемі ұлғайды
Несие • Бүгін, 08:45
Қаржылық сауаттылықты мектепте қалыптастырайық
Мектеп • Бүгін, 08:40
Түркі тілдерін танитын технология
Технология • Бүгін, 08:35
Спорт • Бүгін, 08:30
Саяси додаға мониторинг жүргізіледі
Үкімет • Бүгін, 00:14
Ұқсас жаңалықтар