Аймақтар • 09 Мамыр, 2020

Атырау: Жеңістің 75 жылдығына – «Тағзым аллеясы»

645 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда жиырма жыл бұрын ашылған «Жеңіс» саябағы бар. Бүгін сол саябақта «Тағзым аллеясы» ашылды.

Атырау: Жеңістің 75 жылдығына – «Тағзым аллеясы»

Жеңістің 75 жылдығына орайластырылған бұл шара облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов пен Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев қатысуымен өтті.

Аллеяның құрылысын жүргізуге облыс пен қала әкімдіктері бастамашы болыпты. Мұнда    Екінші дүниежүзілік соғыста Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы мен «Даңқ» орденінің толық иегері атанған майдангерлерге 14 бюст қойылды. Бюст қоладан құйылып, тұғыртасы  граниттен жасалыпты.

123

– «Жеңіс» саябағы әр жылдары Жеңіс күні қарсаңында жаңартылып келеді. Биыл саябақтың аумағы кеңейтіліп, күрделі жөндеу жұмыстары жасалып жатыр. Саябақтың жанына 1000-ға жуық алма талы отырғызылды. Енді 3800 шаршы метр газон төселуде, -деді Атырау қаласының  әкімі Қайрат Оразбаев.

Ал  «Тағзым аллеясы»   жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен ашылып отыр.