Ауа райы • Бүгін, 09:45

Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

24 сәуір күні республиканың басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады. Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жекелеген өңірлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Солтүстік-батыс және батыста – жауын-шашын, дауыл, тұман, екпінді жел, батыс және оңтүстікте – шаңды дауыл, бұршақ күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

Атап айтқанда, Қостанай облысының кей жерлерінде түнде дауыл, тұман күтіледі. Күндіз басым бөлігінде жел 15-23 м/с-қа дейін күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғып, бұршақ жауады, кей жерлерінде желдің екпіні 15-23 м/с-қа дейін артады.

Күндіз Жамбыл, Түркістан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Түркістан облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі, Батыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы ықтимал.

Атырау, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-25 м/с-қа дейін күшейеді. Атырау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады, Қарағанды облысында тұман болжанған.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман болады, бұршақ жауады, 15-20 м/с екпінде жел күтіледі.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін артады.

Күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде дауыл соғады, бұршақ жауады, 15-25 м/с жылдамдықта жел тұрады деп күтіледі.

Соңғы жаңалықтар