Аймақтар • 09 Мамыр, 2020

Сарысулық ардагерлер Президентке алғыс айтты

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне лайықты құрмет көрсету бүгінгі ұрпақтың парызы. Бүгінде Жамбыл облысы бойынша 57 соғыс ардагері бар болса, Сарысу ауданында 3 соғыс ардагері тұрады. Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай Сарысу ауданының әкімі Қанатбек Мәдібек 3 ардагердің де үйіне арнайы барып, мерекелерімен құттықтады.

Сарысулық ардагерлер Президентке алғыс айтты

Әкім әуелі Игілік ауылдық округінде тұратын Мысалы Маханбетовтің шаңырағына барып, ардагерге сый-сияпат жасады.

«Ерлік елге мұра, ұрпаққа үлгі» деген аудан әкімі сұрапыл соғыста майдангерлердің көрсеткен қайталанбас ерлігіне бүгінгі ұрпақ бас иетінін жеткізіп, бізге бейбіт өмір сыйлаған қарт жауынгерге алғысын білдірді. Ал соғыс ардагері майдангерлерге әрдайым құрмет көрсетіп, әлеуметтік тұрғыда қолдау білдіріп келе жатқан билік өкілдеріне ризашылығын жеткізді.

Бұдан кейін Саудакент ауылының тұрғыны, соғыс ардагері Қабыл Ібжановқа да мерекелік сыйлықтар табыс етілді. Майдангер Ұлы Жеңіс күнін неміс жерінде қарулас достарымен қарсы алған сәтінен естеліктер айтты.

Сондай-ақ Қанатбек Мәдібек Жаңатас қаласының тұрғыны Кемелбек Шәменовтің де үйіне барып, ардагерге құрмет көрсетті. Өз кезегінде барлық ардагерлер Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай көрсетіліп жатқан құрмет пен қамқорлық үшін Президентке, облыс басшылығы мен жергілікті билік өкілдеріне алғыс айтты.

 

Жамбыл облысы