Қоғам • 11 Мамыр, 2020

Пандемия кезінде 62 елден 12 мың отандасымыз елге қайтарылды - Ералы Тоғжанов

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов шетелде жүрген қазақстандықтарды елге қайтару жұмыстары әлі де жалғасып жатқанын айтты.

Пандемия кезінде 62 елден 12 мың отандасымыз елге қайтарылды - Ералы Тоғжанов

«Мемлекет үшін Қазақстанның  әр азаматы ерекше құнды екенін еске салғым келеді. Сондықтан да пандемия кезінде 62 елден 12 мың отандасымыз елге қайтарылды. Бұл жұмыс әлі де жалғасуда. Қазір көптеген қазақстандықтар әр мемлекетте жүргенін өздеріңіз жақсы білесіздер. Оның ішінде бүгін 7,5 мың азамат елге қайтуға  ниетті. Сондықтан бұл нақты шаралар әрі қарай жалғасын табады», деді Ералы Тоғжанов.