Қоғам • 11 Мамыр, 2020

Бизнес өкілдерінің шығындарын өтеуге 237 млрд теңге қарастырылған - Әлихан Смайылов

7 реткөрсетілді

Бұл туралы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары,  Қаржы министрі Әлихан Смайылов Үкімет үйінде өткен онлайн брифингте айтты.

«Айналым капиталдық 8 пайыз жеңілдікпен несиелеу және қарапайым заттар экономикасы бағдарламасы бойынша жылдық 6 процентпен жеңілдікпен несиелеу ұлғайту шеңберінде 1 трлн теңге бюджеттен тыс қаражат қарастырылған. 4,5 млн адам 2 ай ішінде 42,5 мың теңге төлем алуда. Бұл мақсатқа 380 млрд теңге мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан көзделген. Тұрғын үй құрылысын 15 млн шаршы  метрге жеткізу үшін қосымша 390  млрд теңге бюджеттен тыс көзден тартылады», деді Әлихан Смайылов.

Министрдің айтуынша, республикалық бюджеттің салық кірістерінің төмендеуін өтеуге және тиісті мемлекеттік барлық  әлеуметтік міндеттемелерін орындауға 1,7 трлн  теңге бөлінеді. Экономиканың зардап шеккен секторларындағы шағын және орта бизнес субъектілері мен ірі бизнес өкілдеріне еңбекақы төлеу бойынша салықтар мен алымдарды төлеуден босатуға байланысты жергілікті бюджеттердің шығындарын өтеуге 237 млрд теңге қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар

Кім қалай оқып жүр?

Әдебиет • Бүгін, 12:02

ҚПЛ бір командаға азайды

Спорт • Бүгін, 08:17

Тарихқа таразы болар бастама

Саясат • Бүгін, 08:04

Жүйелі жұмысты қажет етеді

Саясат • Бүгін, 08:01

«Balapannan» базарлық

Қоғам • Бүгін, 07:23

Жетім бұрыштағы жеті нота

Өнер • Бүгін, 07:20

Алаштың асыл перзенті

Руханият • Бүгін, 07:07

Үш өлең

Әдебиет • Бүгін, 06:57

Ұқсас жаңалықтар