24 Қыркүйек, 2013

Америкада қазақ балаларын зорлаған ерлі-зайыптылар сотталды

412 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

24 09-Dzhozef i Linda Meiott

Американың Вустер қалалық соты асырап алған балаларын зорлағандары үшін ерлі-зайыпты Джозеф пен Линда Мэйотты бас бостандықтарынан айырды. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.

Сот шешімімен Джозеф Мэйотт Коммонвелс қаласындағы түрмеде 16-20 жылға дейін жазасын өтейтін болды. Егер 16 жылдың ішінде өзін түрмеде жақсы жағынан көрсететін болса, сол мерзімде бостандыққа шығарылады. Олай болмаған күнде, жазасын толық өтейді. Ал оның зайыбы Линда Мэйотт артық-кемі жоқ тура 22 жыл өмірін тар қапаста өткізеді.

Ерлі-зайыпты Мэйоттар 2004 жылы Қазақстанға келіп, 13 жасар ұл мен оның 8 жасар қарындасын Уайтинсвилл қалашығындағы үйлеріне алып келген еді. Біраз уақыт өткен соң балалар асырап алған ата-аналары тарапынан азғырушылық әрекеттерге тап болған. Тіпті, Линда асыранды баласынан жүкті болып, нәресте де туып алған екен.

Сот барысында ерлі-зайыптылардың шындықтан жалтарып кетуге тырысқан әрекеттерінен түк шықпады.

Айдар Өрісбаев.

Соңғы жаңалықтар