Қоғам • 11 Мамыр, 2020

Медицина қызметкерлерінің жалақысына үстемеақы тамыз айына дейін төленеді — Е. Тоғжанов

831 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Үкімет үйінде өткен брифингте коронавирус инфекциясымен күресуге тартылған дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне үстеме ақы төлеудің одан әрі жалғасатыны туралы айтып берді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Медицина қызметкерлерінің жалақысына үстемеақы тамыз айына дейін төленеді — Е. Тоғжанов

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне үстеме ақы төлеу үшін Үкіметке 40 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді.

«Төлемдердің жартысы төленді. Қалған бөлігі биыл тамыз айына дейін төленетін болады», — деді вице-премьер.

Сонымен қатар Е. Тоғжанов жұмысқа шығатын ата-аналарға қолайлы болу үшін балабақшаларда кезекші топтар ұйымдастырылатынын айтты. Бірақ санитарлық нормаларды сақтау қажет болады.

«Мысалы, балабақшгаларда әрбір топта 25-30 баладан бар. Карантин кезеңінде сақтық шараларын ескере отырып, топтардағы балалар санын 15-ке дейін ғана жеткізу керек. Бұл ретте жұмыс істейтін әр ата-ананың балаларын балабақшада қалдыру мүмкіндігі бар екенін атап айтқым келеді», — деді Премьер-Министрдің орынбасары.