Экономика • 11 Мамыр, 2020

Егіс жұмыстарының науқаны басталмақ

10 рет көрсетілді

Еліміздің оңтүстік өңірлерінде жердің 70 пайызына егіс егілді. Үш астықты өңір – Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында топырақ құрамындағы ылғалды жабу жұмыстары аяқталды, егіске дейінгі топырақты өңдеу жүргізілуде. Бидайдың жаздық тұқымдарын жаппай егу науқаны мамыр айының ортасынан басталмақ. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров Қостанай облысына барған жұмыс сапары барысында хабарлады.

А.Сапаров Қостанай облысы Сарыкөл ауданындағы бірнеше шаруа қожалықтары мен орта және ірі агрохолдингтердің егіс алқаптарында болып, егіс жұмыстарының барысымен танысты. Өңір шаруалары жаздық егісті 4,7 млн гектар жерге егуді жоспарлап отыр. Алқаптардың басым бөлігі – 81%-ы немесе 3,8 млн гектар жерге – дәнді  және бұршақ дақылдары егілмекші.  

Әртараптандыру шеңберінде биыл қостанайлық шаруалар майлы дәнді дақылдарының егіс алқаптарын 700 мың гектарға дейін арттырады. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда  200 мыңға артық. Жемшөптік дақылдардың алқаптары 176 мың гектарға дейін азайтылады (бұрын – 237 мың га). Облыс әкімдігінің мәліметтері бойынша шаруалар егістікке қажетті тұқыммен толықтай қамтылған, 528 мың тонна тұқым дайын.

Аймақта болған вице-министр шаруалармен мемлекеттік қолдау, сатып алулар және заманауи ауыл шаруашылығы техникасын, сапалы тұқым қорын пайдалану сынды бірқатар тақырыптарды талқылады.

«Тұқым мен тыңайтқыштарды қолдану нормалары, бағалар, субсидияларға қатысты көптеген сұрақтар қойылды. Шешімін таппай келе жатқан мәселелер қарастырылады. Алдағы уақытта  олқылықтардың алдын алу мақсатында жұмыс істейміз. Сонымен қатар мал шаруашылығы, ветеринария жайында мәселелер көтерілді, мұның бәрі  күн тәртібінде тұр», – деді Айдарбек Сапаров.

Қостанайлық шаруалар кездесу нәтижесіне көңілдері толып, министрлік тарапынан жасалған кері байланысқа ризашылықтарын білдірді. Сондай-ақ, кәсіпкерлер Мемлекет басшысына және Үкіметке төтенше жағдай кезінде көрсетілген көмекке, атап айтқанда егін егуді қаржыландыруға, тұқым, отын, минералды тыңайтқыштар, гербицидтер мен пестицидтер құнын субсидиялауға 170 миллиард теңге көлемінде қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.

Соңғы жаңалықтар

Саңлақтар сыр бермеді

Спорт • 27 Қараша, 2020

Тұрғын үй алаяғы қолға түсті

Қоғам • 27 Қараша, 2020

Алматы облысында жер сілкінді

Оқиға • 27 Қараша, 2020

Ұқсас жаңалықтар