24 Қыркүйек, 2013

Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі дүниеден өтті

1211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

23 09- General

Бүгін, қыркүйектің 24-і күні таңертең Алматы қаласында Кеңес Одағының Батыры, «Халық қаһарманы», тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов дүниеден өтті.

Сағадат Қожахметұлы 1924 жылдың 25 мамырында Ақмола облысының Еңбек ауылында туған. 1942 жылы Қызыл әскер қатарына алынып, Түркіменстандағы әскери училищеге білім алуға жолдамамен жіберіледі. Оқуды аяқтаған 1943 жылы Ұлы Отан соғысына қатысып, пулеметшілер взводының командирі ретінде жаумен шайқасады. Соғыс аяқталысымен 1946 жылы М.И. Фрунзе атындағы Әскери академияға түсіп, оны 1949 жылы тәмамдаған. Ал 1950-1989 жылдары Азаматтық қорғаныс штабының бастығы, Орта Азия әскери округі әскерлері бастығының орынбасары, Оңтүстік әскер тобы (Венгрия) бастығының бірінші орынбасары болды. 1990 жылдан соғыс, еңбек және Қарулы күштері ардагерлері кеңесінің төрағасы, 1992-1995 жылдары Қорғаныс министрі, ал 1996 жылы Президент кеңесшісі қызметін атқарды. 1994 жылдың 23 мамырында Мемлекет басшысының Жарлығымен Сағадат Қожахметұлына «Халық қаһарманы» атағы беріліп, елімізде алғашқы болып «Алтын жұлдыз» орденін иеленді. Ал1971-1994 жылдары Жоғары кеңеске бірнеше мәрте халық қалаулысы болып сайланған.

Есімі тарихымызға алтын әріппен жазылған Сағадат Қожахметұлын Болгария, Польша, Чехия, Монғолия сынды бірнеше елдер де наградамен марапаттады.

Соңғы жаңалықтар