24 Қыркүйек, 2013

Қызылордада С.Есқараевты еске түсіруге арналған турнир өтті

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

22-09-13-voleibol-2

Қызылордада волейболдан Қазақстанның тұңғыш дербес прокуроры Сүлеймен Есқараевты еске түсіруге арналған турнир болды. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Жарысқа облыс құқық қорғау органдарының командалары қатысты. Оның қорытындысында бірінші орынды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің командасы, екінші орынды обылстық ішкі істер департаментінің командасы, үшінші орынды облыстық сот командасы иеленіп, облыстық дене шынықтыру және спорт басқарамасының сыйлықтарымен және грамоталарымен марапатталды.

Құрыш Нұрымбет.

22-09-13-voleibol-1

 

Соңғы жаңалықтар