Қоғам • 11 Мамыр, 2020

Өзбекстан Қазақстанның су басқан аудандарынан құрылысшылар іздеуде

994 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзбекстанның Жұмыспен қамту және еңбек қатынастары министрлігі жанындағы Сыртқы көші-қон агенттігі (СКҚА) Қазақстанда жұмыс істеуге құрылысшылар іздеп жатыр. Қазақстанның Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында жұмыс істеу үшін сәулетшілер,  ағаш ұсталары, монтажшылар, сылақшылар, бетон құю, кірпіш пен бетон плиталарын салу бойынша мамандар шақырылады. Бұл туралы  агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Өзбекстан Қазақстанның су басқан аудандарынан құрылысшылар іздеуде

Жалпы, үміткерлер үшін 400-ден астам бос жұмыс орны бар. Жұмыс істеуге ықылас білдіргендер Сыртқы көші-қон агенттігіне телефон нөмірі арқылы хабарласа алады немесе арнайы нысанды толтыру арқылы кандидат ретінде тіркеле алады. Біз осыған дейін Өзбекстанның Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасындағы бөгеттің жарылуы салдарынан болған су тасқынынан кейін Қазақстанға көмектесуге дайын екенін хабарлағанбыз.

Өзбекстан мен Қазақстанның премьер-министрлері Абдулла Арипов пен Асқар Мамин Түркістан облысы Мақтаарал ауданының зардап шеккен аймақтарына барып, жағдаймен танысып қайтты. Қазір Мақтааралда  төтенше жағдайдың салдарын жою жұмыстары жүргізілуде.

Қалағандар Сыртқы көші-қон агенттігіне телефон нөмірі арқылы хабарласа алады немесе арнайы нысанды толтыру арқылы кандидат ретінде тіркеле алады.

Апаттық-құтқару жұмыстарына Өзбекстаннан 200-ден астам маман мен 100-ге жуық техника қатысады. Мақтаарал ауданының Мырзакент ауылында су тасқыны салдарынан үйлерінен айрылғандар үшін жаңа шағын ауданның құрылысы басталды.