Аймақтар • 11 Мамыр, 2020

Шымкенттік 282 745 азаматқа әлеуметтік көмек тағайындалды

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2020 жылғы 11 мамыр, сағат 18:00-дегі мәлімет бойынша Шымкент қаласынан төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік төлемді алу үшін арнайы портал, сайттардан 535 530 адамнан өтініш түскен.

Шымкенттік 282 745 азаматқа әлеуметтік көмек тағайындалды

Оның ішінде 282 745 адамға әлеуметтік төлем тағайындалған болса, 248 835 азаматтың өтініші бойынша оларға әлеуметтік төлем тағайындалмайтындығы анықталып, кері қайтарылған.

Жалпы әлеуметтік төлем алатын 282 745 азаматтың ішінде 269 966 өтініштер бойынша, ал, 12 779-іне проактивті (атаулы әлеуметтік алушылар және бірыңғай жиынтық төлем жасаған азаматтар) түрде тағайындалды. Бүгінге дейін 280 633 азаматқа 42500 теңгеден әлеуметтік көмек карталарына аударылған.

Айта кетейік, кері қайтарылып, көмек тағайындалмаған өтініштер – бірнеше рет қайталанған, жұмыс істейтін азаматтардан, зейнеткерлерден, қайтыс болған азаматтар атынан түскен.

 

Шымкент