Әлем • 11 Мамыр, 2020

ДДҰ коронавирусқа байланысты қосымшасын дайындап жатыр

140 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ДДҰ ақпараттық қызметінің жетекшісі Бернардо Мариано бүгін түс ауа журналистермен кездескен кезде ұйым дерттің белгілері бағалау және вирус тасымалдаушылармен байланысын бақылау үшін қосымшаны әзірлеуді жоспарлап отырғанын айтты.

ДДҰ коронавирусқа байланысты қосымшасын дайындап жатыр

Қосымша коронавирустың таралуы қазір қандай кезеңде екенін және билік шектеу шараларын қатайту немесе жұмсарту керек  екенін түсінуге көмектесіп, осыған байланысты қабылданған шешімдерді үйлестіріп отырады. 

Марианоның айтуынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасы, ең алдымен, қажетті бағдарламалық жасақтаманы дербес жасай алмайтын мемлекеттерге көмектесуге бағытталған. «Кез келген үкімет біздің қосымшамыздың бастапқы кодын қолдана алады, әр аймаққа қажетті функцияларды қосып, тұрғындар үшін қосымшаның өз нұсқасын шығара алады. Оның көмегімен билік карантин шараларын қатайту немесе жұмсарту арқылы пандемия жағдайына тезірек жауап бере алады»,  деді Мариано.

Ол ДДҰ қосымшаны шығару мамыр айының соңында жоспарланғанын атап өтті. ДДҰ шындап кіріскен технология кем дегенде бес минут бір-бірімен жақыннан араласқан азаматтардың телефондар арасындағы виртуалды «қол алмасуға» негізделген деп болжанады. Смартфондардың кездесулерді ұялы телефонның  деректер базасының анонимді журналында сақтайды, кейін тест нәтижесі оң болып шыққан азаматтар туралы мәліметтерді онымен жақын байланыста болған немесе жиі араластанын контактілерге хабарлама жіберуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ ДДҰ Apple және Google компаниясымен бірлескен технологияны қолдану туралы келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұған дейін бұл компаниялар деректердің анонимділігін сақтайтын жүйені енгізетіндерін айтқан болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Үндістанда мемлекеттік және жеке сектор ұйымдарының барлық қызметкерлеріне Aarogya Setu мобильді қосымшасын смартфондарға орнату міндеттелді.

Қосымшада Bluetooth және GPS жүйелері қолданылады. Бұл пайдаланушыны ықтимал жұқтырған адамдармен байланысу туралы ескертеді.