Қоғам • 11 Мамыр, 2020

Төтенше жағдай кезінде тартылған әскерилер өз бөлімдеріне оралады

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қазақстанда төтенше жағдай режимі ресми түрде аяқталды. Осыған байланысты Қазақстан Қарулы Күштерінің блокбекеттерінде күшейту, елді мекендерді дезинфекциялау және патрульдеу бойынша кезекшілікке тартылған жеке құрамы мен әскери техника өздерінің тұрақты орналасқан пункттеріне оралады. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Төтенше жағдай кезінде тартылған әскерилер өз бөлімдеріне оралады

Пункттеріне жеткізу әскери-көлік авиациясының күштерімен, сондай-ақ өз жүрістерімен жүзеге асырылады.

Бұл ретте, арнайы жиындарға шақырылған аумақтық қорғаныс әскерлерінің әскери қызметшілері өз міндеттерін бұрын бекітілген мерзімдерге және жергілікті атқарушы органдардың жоспарларына сәйкес орындауды жалғастырады. 

Елде төтенше жағдай енгізілген  күннен бастап әскерилерге режимді қамтамасыз ету және вирустармен күресте маңызды міндеттер жүктелді. Әскери қызметшілер аумақтар мен объектілерді өңдеуді жүргізіп, блокбекеттерде және патрульдерде қызмет атқарды.