Аймақтар • 12 Мамыр, 2020

Медициналық маскалар шығару артты

339 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирус кеселінің салдарынан тұрғындар тарапынан медициналық маскаларға деген сұраныстың артуына байланысты Жамбыл өңірінде аталған тауарға деген тапшылық туындаған болатын. Тараз қаласындағы көптеген дәріханадан маска таба алмай әбігерге түскен халық бұл туралы ақпаратты әлеуметтік желілерге жазды да.

Медициналық маскалар шығару артты

Енді тұрғындардың меди­ци­на­лық маскаларға деген сұ­ра­нысын қанағаттандыру, тап­шы­лықты жою мақсатында облыс әкімдігі жергілікті фарма­цевтикалық зауыттармен бір­ле­сіп өнді­ріс көлемін ұлғайтуға келісті.

Өңірде медициналық маска шыға­ратын зауыт бар. Бұл бағыт­­тағы кәсіпорын енді тәу­лік бойы жұмыс істемек. Нәти­же­сінде, тәулігіне шыға­ры­ла­тын медициналық маскалар кө­лемі 20 мың данадан 70 мың да­на­ға дейін артты. Оның ішінде 40 мың маска «СК-Фармация» жа­уап­кершілігі шек­теу­лі серік­тес­ті­гіне, ал қалған 30 мың маска облыс аумағындағы «Жасұлан» және «Әмір және Д» дәріхана же­лі­лерінің 10 пунктіне күн сайын жеткізілуде. Атап айтсақ, медициналық маска жеткізілген 10 пункттегі дәрі­ха­наларда аталған тауардың бір данасы 50 теңгеден сатылуда. Бір сатып алушыға 5 дана медициналық маскадан артық сатылмайды.

Бүгінде облыс әкімдігі Тараз қаласы мен барлық ауданда тігін шеберханалары мен ательесі базаларында да көп реттік маскалар шығаратын шағын өндірістер құру мәселесін қарастыруда. Қазіргі кезде олардың өнім көлемі 3900 дананы құрап отыр. Әлемді шарпыған қауіпті кеселдің алдын алу мақсатында өңірдегі дәріхана желілерінде дезин­фек­ция­лық және антисептикалық құралдарының 12 түрі, оның ішінде тері антисептиктері, дезин­фекциялық сабындар секіл­ді өзге де құралдар бар.

 

Жамбыл облысы