Аймақтар • 12 Мамыр, 2020

Көкшетауда 12 мыңға жуық тұрғын өтемақы алады

120 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, енді белгілі бір санаттағы адамдардың өздеріне ғана емес,  олармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне де коммуналдық өтемақы  беріледі. Бұл тізімге барлық топтағы мүгедектер, майдангерлер мен оған теңестірілгендер кіреді. Сонымен қатар, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған және көп балалы отбасылар да бар. 

Көкшетауда 12 мыңға жуық тұрғын  өтемақы  алады

Сондай-ақ ең төменгі және одан төмен зейнетақы алатын және жалғызбасты зейнеткерлер, әскери, құқықтық  қызмет  барысында қаза тапқан адамдардың отбасылары. Осылайша Үкімет 1 миллион 600 мың тұрғынның сәуір-мамыр айларындағы, яғни төтенше жағдай режимі кезіндегі коммуналдық қарызын өтеу үшін бюджеттен 50 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлді.

Ал Көкшетауда мұндай жеңілдікті 11446 адам алады деп күтілуде. Ол үшін аталған санатқа жататындар электронды портал арқылы өтініш жіберулері  керек. Немесе жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру бөліміне келулері қажет. Қазіргі уақытта тұрғындардан өтініштер қабылдануда. Бірақ аталған өзгерістер  Көкшетауда әлі  енгізілмеген.

– Нақты ереже енгізіліп, өзгерістер мен толықтырулар әлі келіп түскен жоқ. Алдындағы ереже бойынша осы санатқа кіретіндердің жеке коммуналдық есепшоттары болуы керек,–дейді қалалық жұмыспен қамту бөлімі жетекшісінің орынбасары Айдархан Сәдуақасов.

Қамқорлық шарадан ешкім де қағыс қалмайды.