Экономика • 12 Мамыр, 2020

Қаңтар-сәуір айларында өнеркәсіп өндірісі 5,9%-ға ұлғайды - Руслан Дәленов

265 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биылғы қаңтар-сәуір айларында еліміздің15 өңірінде өнеркәсіп өндірісі ұлғайған. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді. 

Қаңтар-сәуір айларында өнеркәсіп өндірісі 5,9%-ға ұлғайды - Руслан Дәленов

«Биылғы қаңтар-сәуір айларында өнеркәсіп өндірісі 5,9%-ға ұлғайды. Еліміздің 15 өңірінде өсу байқалады. Төмендеу тек Қызылорда облысында тіркелді. Онда өнеркәсіп өндірісі 9,9 пайызға төмендеді. Ең жоғары өсуді Қостанай (15,4%) және Атырау (14,2%) облыстары көрсетті. Өңдеу өнеркәсібінде де өнім көлемі 7% өскен. Әсіресе, машина жасауда (25,4%), фармацевтикада (24,2%), құрылыс материалдарын өндіруде (15,6%) және жеңіл өнеркәсіпте (13,9%) жоғары өсу қарқыны сақталды. Өңірлер бөлінісінде Қостанай (24%), Қызылорда (20,2%) және Түркістан (17,2%) облыстарында жоғары өсу байқалады. Жамбыл (-3,3%) және Ақтөбе (-4,4%) облыстарында төмендеу тіркелді», - деді Руслан Дәленов.