Экономика • 12 Мамыр, 2020

Төтенше жағдай кезінде салықтық тексерулер тоқтатылды - Мәди Такиев

137 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық экономика вице-министрі Мәди Такиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте кәсіпкерлікті қолдау үшін қандай салықтық жеңілдіктер жасалатынын айтты.

Төтенше жағдай кезінде салықтық тексерулер тоқтатылды - Мәди Такиев

«2020 жылдың 1 маусымына дейін шағын және орта бизнес субъектілері үшін барлық салықтар мен бюджетке міндетті төлемдер мен әлеуметтік жарналарды төлеуге, сондай-ақ салық, кеден және әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу бойынша жұмыс мерзімін ұзарту енгізілді», деді Мәди Такиев.

Оның айтуынша, төтенше жағдай кезінде салықтық тексерулер тоқтатылған. 2019 жылғы міндеттемелер бойынша салық есептілігі нысандарын тапсыру мерзімі 2020 жылғы 31 наурыздан 2020 жылғы 31 мамырға ауыстырылды. Салықтық шаралар 700 мыңнан астам салық төлеушілерді қамтиды.