Сондай-ақ бүгін, яғни 12 мамыр күні коронавирус індетін жұқтыру бойынша тағы үш жағдай анықталды. 1949, 1957 және 1963 жылдары туған науқастар Тараз қаласының тұрғындары. Үшеуі де медициналық мекемеге жедел респираторлық вирусты инфекция белгілерімен жатқызылған. Олардан коронавирус инфекциясына алынған зертханалық зерттеулер оң нәтиже көрсеткен. Барлық науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылған. Олармен байланыста болған тұлғаларды анықтау, оларды ауруханаға жатқызу және тестілеу жұмыстары жүргізілуде.
Жалпы, 12 мамыр күнгі жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 185 жағдайы тіркелген болса, оның ішінде Тараз қаласында 91, Байзақ ауданында 18, Жамбыл ауданында 6, Кордай ауданында 37, Меркі ауданында 5, Шу ауданында 2, Мойынқұм ауданында 1 адамнан анықталған. Сондай-ақ, «Дели – Тараз» рейсінің жолаушыларынан 6 жағдай, Атырау облысының Теңіз вахталық кентінен келген жұмысшылар арасынан 19 оқиға анықталған. Бүгінде індет жұқтырғандардың ішінен 91 адам емделіп, дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылған.
Жамбыл облысы