Экономика • 12 Мамыр, 2020

Елімізде жеңіл өнеркәсіптегі өндіріс көлемі 13,9% өсті

304 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде биылғы алғашқы төрт айдың қорытындысында жеңіл өнеркәсіпте жалпы өндіріс көлемі 13,9% өсті. Оның ішінде тоқыма бұйымдары өндірісі 13,4%, былғары және оған жататын өнімдердің 12,4%, киім өндірісі 11,3% ұлғайған. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

Елімізде жеңіл өнеркәсіптегі өндіріс көлемі 13,9% өсті

Бұл өсім саланың ірі кәсіпорындарының өндірістік қуатын арттырумен байланысты болды. Атап айтсақ, «Бал текстиль» ЖШС былтыр кілем және кілем бұйымдарын шығаратын үшінші цехты іске қосты. «Qazaprodgroup» ЖШС аяқ киім шығаратын, «ЕКОНІМ» ЖШС жіп, синтетикалық жіп, бау, баулар, желі өру, арқан-жіп бұйымдарын өндіру жобаларын іске қосып, барлық кіші салаларда өсім байқалды. «Alliance» сауда-өнеркәсіп компаниясы» ЖШС-де (бұрынғы «Ютекс» акционерлік қоғамы) мақта-мата иірімжіп шығару бойынша тоқтап тұрған өндіріс іске қосып, биылғы І тоқсанда 150 тонна иірімжіп өндірілген.

Сонымен қатар халықты инфекциялардан қорғау құралдарымен қамтамасыз ету мақсатында бетперделер өндірісіне 70-тен астам тігін кәсіпорыны тартылды. Биылғы 15 наурыздан бастап бетперделердің жалпы шығарылымы 40 млн. дананы құрады. Сонымен қатар, медицина қызметкерлеріне арналған қорғаныш костюмдерін тігуге тапсырыстар да артты. «Azala Textile» ЖШС 9 станокты іске қосып, дәке шығару көлемін тәулігіне 1,2 мың шаршы метрден 10 мың шаршы метрге дейін ұлғайтқан.