Қоғам • 13 Мамыр, 2020

«Жас маман» жобасы жаңғыртуды көздейді

2951 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жастар жылының ашылу салтанатында жарияланған тапсырмасына сәйкес «Жас маман» жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жоба «Жастар – ел тірегі» ұлттық жобасының құрамына кіреді.

«Жас маман» жобасы жаңғыртуды көздейді

Аталған жобаның негізгі мақсаты – сұранысқа ие өнеркәсіптік және сервистік 100 мамандық бойынша 180 кол­ледж бен 20 ЖОО-ын жаңғыртуды және білікті мамандарды даярлауда ха­лықаралық тәжірибені енгізу. Жоба аясында ше­шім­дер қабылдаудың ашықтығын қам­тамасыз ету үшін барлық мүд­делі мем­лекеттік органдардың, сала­лық қа­уымдастықтардың және «Ата­ме­кен» ҰКП қатысуымен «Жас маман» жо­басын іске асыру жөніндегі комис­сия құрылған. Жоба аясындағы бар­лық шешімдерді Комиссия талқылап, қа­былдайды. Осыған орай Еңбек және ха­лықты әлеуметтік қорғау министрлігі сұ­ранысқа ие 100 мамандықтың тізімін анықтады. Айта кету керек, 180 колледж және 20 ЖОО іріктеу сапа көрсеткіштері бойынша конкурстық негізде жүр­гі­зілген. Колледждерде кадрларды да­йын­даудың халықаралық стандарттарын енгізу үшін шетелдік серіктестер тартылады. Олармен бірлесіп кадрларды дайындау бағдарламаларын жаңарту, оқытушыларды даярлау және оқу орны мен менеджмент процестерін жетілдіру бойынша жұмыс ұйымдастырылған.

Сонымен қатар 2020 жылы 80 кол­леджді заманауи жабдықтармен жарақ­тан­дыруға республикалық бюджеттен 25,8 млрд теңге қарастырылған. Ха­лық­аралық стандарттарға сәйкес жаңа жаб­дық­тармен, бағдарламалармен колледж­дерде оқуды бастау ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап, ал қалған 100 колледжді келесі жылы жабдықтау жос­пар­ланған.

Колледждерді жабдықтауға ар­нал­ған жабдықтардың тізімі жергілікті атқарушы органдар мен колледждердің ұсыныстарына, жұмыс берушілердің талаптары мен WorldSkills стандарт­тар­ына сәйкес жасалған. Жабдықтарды сатып алу Қазақстан Республикасының мем­лекет­тік сатып алу туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатынын айта кетсек дейміз. «Жас маман» жобасы нәтижелерінің іске асырылуы барлық мүдделі тараптардың қатысуымен бақыланады.

Жобаны жүзеге асырушылардың сөзінше, салалық халықаралық стан­дарт­тардың енгізілуіне байланысты кәсіп­орындардың жұмыс істеп тұрған қыз­меткерлерін олардың талаптарына сәйкес оқыту және қайта даярлау бөлі­гін­де кәсіпорындармен өзара тиімді ынтымақтастық орнатылады. Бұл колледждерге компанияның оқу/тренинг орталығы ретінде қызмет етуге мүмкіндік береді, осылайша колледждің одан әрі дамуына қосымша бюджеттен тыс кірісті қамтамасыз етеді. Сондай-ақ құзыреттілік орталықтарының базасында жастарды инновациялық және стартап-жобаларға тарту үшін бизнес-инкубаторлар/технопарктердің жұмысы ұйымдастырылады, онда тартымды жобаларды қаржыландыру үшін бизнес орта шоғырландырылатын болады.

Мысалы, 2019 жылы «APEC PetroTechnic» (Атырау) жоғары кол­лед­жіне түсуге құжаттарды Қазақстанның бар­лық өңірлерінен 3 мыңға жуық адам тап­сырған.

«Жергілікті мұнай сервистік ком­пания­ларға жаһандық брендтермен бәсекелесудің қиын болуының бірден-бір себебі – кадрлар біліктілігінің төмен­ді­гі. Егер қазақстандық оқу орындары халықаралық стандарттар бойынша кадр­ларды бірден даярлайтын болса және жұмыс берушілерге жалға алу алдында жас мамандарды «қосымша оқуға» және сертификаттауға тура келмесе – бұл қа­зақ­стандық компаниялардың бюд­жет­те­ріне түсетін жүктемені айтарлықтай азайтады, сондай-ақ жергілікті студенттер еңбек нарығына біраз тартылар еді», деп атап өтті «Petrocouncil» мұнай-газ саласындағы стратегиялық әріптестікті дамыту жөніндегі кеңестің жетекшісі Асылбек Джакиев.

Ал Schlumberger компаниясы Қазақ­стан­да жыл сайын APEC түлектері арасы­нан студенттерді жұмысқа орналастыру үшін тестілеу өткізеді.

«АРЕС түлектері жыл сайын тесті­леу­ге қатысып, ағылшын тілінің жет­кі­лікті білімін, кәсіби дағдылары мен ақ­па­раттық технологияларды көрсетеді. Мы­салы, студенттердің көпшілігі әл­ем бойынша мұнай өндіруші компа­ния­­ларды пайдаланатын Petrel және Eclipse бағдарламасын біледі. Білім жақсырақ болғандықтан, маманды да­йын­дауға аз уақыт жұмсаймыз, яғни сапалы дайындық APEC түлектерін біздің компаниямызда жұмысқа орна­лас­тыру мүмкіндігін арттырады», дейді Қазақстандағы Schlumberger HR менед­же­рі Айжан Жанғожина.

Сонымен қатар APEC PetroTechnic оқытушылары OPITO сертификаттаудан өтіп, халықаралық стандарттарға сай бағдарламалар бойынша жұмыс істеуде. Бұл қазақстандық жастарды сапалы оқытуға мүмкіндік беріп қана қоймай, өз кезегінде Қазақстанның барлық мұнай-газ саласының дамуына оң ықпал ететіні сөзсіз. Тарихы бай қазіргі заманғы және алдыңғы қатарлы қазақстандық мұнай компаниясының бірі «Ембімұнайгаз» жыл сайын аталған колледждің 50-ге жуық студенттерін дуалды оқыту мен практикаға шақырады. Компания студенттерге жұмыс берумен қоса, бағ­дар­ла­маларды, жабдықтарды жа­ңар­туға және оқытушылар құ­ра­мына арналған тағы­лымдаманы ұйымдастыруға көмек­те­седі.

«APEC Рetrotechnic студенттерінің артық­шылықтарының бірі – колледждің заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген шеберханаларында жұмыстың практикалық дағдылары арқылы өнді­ріс­те жұмыс істеуге кірісуге дайын болуы үшін шынайы өндіріс процесі жа­салған. АМӨЗ кәсіби өндірушілері студенттерді практикамен ғана қамта­ма­сыз етіп қоймай, процестерді өзгер­тіп, жақсартқысы келетін талантты жас­тар­дың идеяларын дамытады», дейді «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС HR менеджері Әсел Жайлашева.

SPE Atyrau Section 2020 президенті Берік Уап АРЕС студенттерінің SPE өміріне белсенді қатысуы қуантатынын жеткізіп, студенттер сала кәсіпқойлары арасында өз жобалары үшін менторларды тауып, әлеуетті жұмыс берушілермен танысуға тамаша мүмкіндік алатынын атап өтті. Ұйымдастырушылардың сө­зін­­ше, сәтті тәжірибенің нәтижесінде APEC PetroTechnic Жоғары колледжі «Жас маман» жобасы аясында Қазақ­стан­ның басқа 180 колледжін жаңғырту үшін үлгі болды дейді.