Аймақтар • 13 Мамыр, 2020

«Жас тұлпар» туристік кешені 33,5 миллион теңгеге жасалмақ

175 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңірдегі  атауы өзгере қоймаған Мичуриннің атындағы ауылда «Туған жер» арнайы жобасы аясында туристік кешен ашу жоспарлануда.

«Жас тұлпар» туристік кешені 33,5 миллион теңгеге жасалмақ

Аудандық әкімдіктің мәліметінше, ат спортын дамыту және атқа міну мәдениетін насихаттау мақсатында орындалады.

Ал, жобаның құны 33,5 миллион теңгеге бағаланған. Бұл жобаны кәсіпкер  Елтай Рүстемов жүзеге асырмақ.

Жоба іске қосылғанда-жылқы терапиясы емі мүкіндігі шектеулі және аутизмнің ауыр формасы сияқты дертке шалдыққан балалар үшін өте пайдалы.

Аудан әкімдігі бизнес жобаны іске асыру үшін кәсіпкерге барынша қолдау көрсетуде.

Жергілікті инновациялық аграрлық колледжінде «Аламан» атты жылқы клубы бар. Және аудан шаруа қожалықтарының қолдауымен 15 жылқы жобаны жүзеге асыруға бөлінген.

Студенттер сабақтан тыс уақытта  келіп шаруа қожалықтарының жылқылары күтіп, баптайды, атқа міну мәдениетін үйренеді.

Колледж директоры Серік Жартыбаевтың айтуынша,енді студенттер үй жануарларын, ветеринарияны меңгерумен қатар, атқа мінуді де үйрене алады. Мал дәрігері мамандығын таңдаған жастар салт атпен жүруді білу керек.

Жылқы баптауға, атқа мініп  кешен ішінде серуендеуге туристік кешенге  жергілікті тұрғындар да бара алады.

 

Павлодар облысы