Аймақтар • 13 Мамыр, 2020

Ертіс өзені жағалауындағы үйлерді су басу қаупі бар

512 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Шығыстағы Шүлбі су қоймасынан жіберілген су Ертіс өзенінің арнасынан асып кеткен.

Ертіс өзені жағалауындағы үйлерді су басу қаупі бар

Суреттерді түсірген: Ербол Теміров

Сондықтан  Ақсу қаласының шетіндегі үйлердің бақшалары, шаруашылық жайлары су ішінде қалды.

Сондай-ақ бұл үйлердің төмен деңгейлі аумақта салынуы да судың келуіне бір себеп.

Ағын су осы аумақтағы еріген қар суынан  қорғап тұрған бөгет-дамбаның астынан өткен. Судың деңгейі 5-10 сантиметр.

Қазір қалалық Төтенше жағдайлар бөлімінің және жергілікті әкімдік жедел әрекеттер жүргізуде.

65

Бұған дейін алдын-ала су басу қаупі бар үйлерді инертті материалдар толтырылған қапшықтармен қоршап, су деңгейін бақылайтын арнайы өлшеу сызықтарын орнатылған.

Сонымен бірге «Досугсервис» коммуналдық кәсіпорнының екі мотопомпасы, екі трактор және алты қызметкері су сору жұмыстарына кірісті. Мәлімет бойынша,  бақша аумақтарынан 3500 шаршы метр су тартылған.  

Ал, қазір Шүлбі суқоймасынан жоспарлы су жіберу кезеңі аяқталып келеді. Яғни, Ертіс өзенінің арнасындағы су деңгейі де төмендей бастайды деген сөз.

4

4

7

Павлодар облысы